Аймақтар • 03 Желтоқсан, 2019

Бурабайда – ел чемпионаты

25 реткөрсетілді

Бурабай ауданының «Жақсы-2» спорт кешенінде волейболдан жоғары лигадағы ерлер командалары арасында Қазақстан Республикасының 28-ші чемпионаты өтті.

–Ақмола облысында да жыл сайын спорттық инфрақұрылымдар нығайтылып келеді. Өңірде 2,5 мыңға жуық спорттық нысандар жұмыс істейді. Жеті ауданда дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды. Осындай спорт кешендерінің құрылысы Біржан сал, Ерейментау, Аршалы аудандарында басталды. Биылғы жылы жоғары спорттық шеберлік мектебінің жеңіл атлетикалық манежі күрделі жөндеуден өтті. Мемлекеттік жекеменшік аясында Көкшетау қаласы мен Бурабай ауданында да спорт кешенінің құрылысы жоспарлануда. Облыста «Самұрық Қазына» қорымен бірлесе жұмыс істеу жақсы жолға қойылып, соңғы жылдары аталған қор біздің өңірге 11 спорт кешені мен воркаут алаңын сыйлады. 2020 жылы тағы да осындай 10 алаң салынады. Жалпы, соңғы екі жылда тұрғындардың демалысын ұйымдастыру үшін 70-тен астам спорт және балалар алаңы салынды. Ерлер мен жастар арасындағы волейболмен 24 мыңнан астам адам айналысады. Балалар мен жасөспірімдер волейболы да дамуда, деді облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова.

Биылғы жылы «Көкшетау минералды сулары» акционерлік қоғамының қолдауымен волейболдан Ақмола облысының ерлер арасындағы кәсіпқой «Ұшқын Көкшетау» клубы құрылған болатын. Команда құрамында спорт шеберлері, Қазақстан құрамасының мүшелері, халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегерлері ойнайды. Олардың ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азияның клубтық чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері, Қазақстан чемпионатының жеңімпазы және кубок иегері, 2006-2010 жылдары еліміздің ұлттық құрама командасының мүшесі болған Нариман Сүлейменов бар.

–Биылғы жылы біздің команданы жоғары лиганың ерлер арасындағы командалары қатысатын Қазақстан Республикасы Чемпионаты мен Кубогына дайындау үшін облыстық бюджеттен 30 миллион теңге бөлінді. Команда өзінің алғашқы жетістігіне де қол жеткізіп, Талдықорған қаласында өткен Қазақстан Республикасы Суперкубогы жарысында 4-ші орын алды. Осындай спорттық шараларды өткізу облыс бойынша волейбол спортын дамытуға оң серпін беріп, ерлер мен жастардың онымен белсене айналысуын қамтамасыз етеді,–дей келе Айна Мысырәлімова командаларға тартымды да нәтижелі ойын, жанкүйерлерге сүйікті командаларының жеңісіне деген сенім тіледі.

Салтанат барысында чемпионаттың бірінші турына қатысатын командалар таныстырылды.

Соңғы жаңалықтар

Атыраулықтар тағы да үздіктер қатарында

Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019

Тәуелсіздік – тұғырым

Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019

Жас отбасылар баспаналы болды

Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2019

Күлкі керуені № 25

Руханият • 13 Желтоқсан, 2019

Ұқсас жаңалықтар