Қазақстан • 04 Желтоқсан, 2019

Финляндияның әуе компаниясы Алматыға рейстер ашпақшы

228 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл Қазақстандық делегацияның Финляндия авиация билігімен жүргізген келіссөздері барысында айтылды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Финляндияның әуе компаниясы Алматыға рейстер ашпақшы

Бұл елдің Finnair әуе компаниясы соңғы 3 жыл бойына Нұр-Сұлтан-Хельсинки бағытында ұшырылымдар атқарып келеді. Кеше өткен келіссөздер нәтижесінде аталған компания Нұр-Сұлтан қаласына жасалатын рейстер санын арттырып, Алматыға жаңа бағыт ашатын болды. Осылайша, екі ел арасындағы рейстер саны аптасына 14-ке жеткізіледі. Атап айтқанда, енді Хельсинки-Нұр-Сұлтан және Хельсинки-Алматы бағыттарында аптасына 7 реттен ұшуға болады.

Бұл шара Мемлекет басшысының тапсырмасымен енгізілген «ашық аспан» режимі аясында іске асырылып жатқанын айта кеткен жөн.