25 күннен кейін Қазақстанда көпшіліктің көкейіне үлкен үміт пен көп күдікті ұялатқан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі іске қосылады. Қыркүйек айынан бастап Қарағанды облысында қанатқақты жоба ретінде еніп, оң нәтижесін берген жүйе халықтың көңіліне қона бастағанына облыстағы медициналық мекемелерге сапарымыз барысында куә болдық.

Медициналық қызметтің қолжетімділігі артты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолауында: «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың жүзеге асырылуы медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін жақсартуға бағытталған. Үкімет әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің беделіне тағы да нұқсан келтірмеу үшін оны жүзеге асыру мәселесіне зор жауапкершілікпен қарауы қажет» деген еді. Сондықтан да жақында ғана Үкіметте кенді өлкенің тәжірибесі пысықталып, жаңа жүйеге толықтай көшуге дайындықтың жоғары деңгейде екені айтылған болатын.
Баспасөз туры Осакаров аудандық орталық ауруханасынан басталды. 32 мың тұрғыны бар аудандағы медициналық мекеме жаңа жүйеге 2017 жылдан бастап дайындалыпты. Аурухананың жұмысын таныстырған ұйым басшысы Ольга Травнева МӘМС ең алдымен медициналық қызметтің қолжетімділігін арттырғанын айтады. «МӘМС біздің ауруханаға көптеген өзгерістерді алып келді. КТ, МРТ сияқты өте қымбат тұратын тексерулерді халық тегін пайдалануға мүмкіндік алды. Осыған дейін зейнеткерлерге, мүгедектерге, 18 жасқа толмаған балалардан басқаларға ақылы болып келген кейбір қымбат анализдер қолжетімді болды. Нақтырақ айтқанда, пациенттер 17 медициналық қызметті тегін ала алады. Ауруды ерте анықтауға жол ашылды. Қыркүйектен бері 700 адам онкологиялық ауру бойынша тексеруден өтсе, оның 14-інен ауру белгілері байқалды. 5-іне қатерлі ісік диагнозы нақты қойылып, дер кезінде емдерін алуда. Ауруханалар заманауи құрылғылармен толығуда. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету де жақсы жолға қойылды», деді Осакаров аудандық орталық ауруханасының директоры Ольга Травнева.
Оңалту жұмысы оңтайланды
МӘМС оңалтуға да басымдық береді. Яғни, МӘМС жүйесіндегі оңалтуды қаржыландыру үш есеге жуық ұлғаймақ. Қазір азаматтарға бірінші және екінші деңгейлі оңалту көмегі қолжетімді болса, МӘМС енгізілген соң оңалтудың үшінші кезеңі пайда болады. Бұған қоса, жеке инвесторлардың есебінен елімізде заманауи оңалту орталықтары салынуда.
Ал өңірде МӘМС енген екі айда тұрғындарды медициналық сақтандыру есебінен оңалту көмегінің ауқымы 42,2%-ға артқан. Қарағанды облысы Нейрооңалту орталығына ат басын бұрған бізді бас дәрігер Руслан Беляев қарсы алды. Оның айтуынша, екі айдың ішінде екі мыңнан астам адам оңалту көмегін алған. «Біз ақшаны сақтандыру арқылы аламыз. Оңалту жұмыстары тегін болғандықтан халыққа бұрынғыдан да қолжетімді болды. Негізінде біздегі бір оңалту курсының өзі 300 мың теңгеге дейін жетеді. Бағдарламаның нәтижесінде оңалтумен қамту көлемі едәуір ұлғайды», дейді Қарағанды облысы Нейрооңалту орталығының бас дәрігері Руслан Беляев.
Цифрландыруға көшті
МӘМС ең алдымен ақпараттық жүйеге оң ықпалын тигізген. Бұл науқастардың саны мен қызмет көрсетудің сапасын арттырып отырғанын айтады мамандар. «Қазір барлық жұмыс электронды түрде жүргізіледі. Бұрынғыдай қағазға жазу, қағазбен тасу деген мүлде болмайды. Басқа ауруханалармен бейнебайланыс арқылы кеңес алуға да мүмкіндігіміз бар. Жаңа жылдан бастап мемлекет өзі қаржыландыратын 15 санатты да қамтитын боламыз. Бұрынғыдай ауылдағы пациенттер бізге келіп жүрмейді. Бұл бір жағынан біздің жүктемемізді азайтса, екінші жағынан олар видео байланысқа шығу арқылы кез келген уақытта бізден кеңес ала алады. Барлық медициналық анықтамалар да электронды түрде беріледі. Электронды болғандықтан ешкім құжатты өзгерте алмайды және қолдан жасап сата да алмайды. Сондай-ақ бұған дейін пациенттер ауырған кезде немесе керек кезінде келіп қаралатын болса, енді кім қандай ем алу керектігін SMS арқылы жіберіп отырамыз», дейді Ольга Травнева.
Қызмет көрсету сапасы артты
Біздің сапарымыз Қарағанды қалалық №4 емханада жалғасты. Медициналық мекемеге кіргеннен бұрынғыдай ұзын сонар кезектің жоғалғанын бірден байқадық. Бұған қоса спикерлер қызмет көрсету сапасы айтарлықтай артқанын қуанышпен жеткізді. «Бұл – облыстағы бірінші отбасы денсаулығы орталығы. Бізге 68 500 адам қарайды. Оның 57 пайызы МӘМС арқылы ем-дом алса, олардың 43 пайызына жұмыс берушілер төлейді. МӘМС енгелі біздің жоспарымыздың орындалуы да жақсарды. Бұрын бір дәрігерге 2200 пациенттен тура келсе, қазір бір дәрігер 1600 кісіні қабылдайды. Емханаға 20 800 пациент тіркелген. Қазір 13 участок бар. 2020 жылдан бастап жұмыс беруші жалақының 1 пайызын, ал жұмыскер өзі 1 пайызын төлейтін болады. Сәуірге дейін барлығын қабылдаймыз да, сәуірден бастап санатына қарай қабылдайтын боламыз», дейді Қарағанды қалалық №4 емхананың директоры Салтанат Шайдарова.
Дәрігер науқас туралы мәліметті дер кезінде табуға және уақытылы көмек көрсетуге мүмкіндік алды. Тұрғындар дәрігердің қабылдауына интернет арқылы жазыла алады. «Бұған дейін науқастар ауруханаға жатып емделу үшін квотаны ұзақ уақыт күтетін. Олар құжаттар тізімін дайындаған соң біз квота бөліміне жіберетінбіз. Квотаны екі аптадай күтіп алғаннан кейін тексеруге бір аптадай уақытын жұмсайтын. Қазір электронды бағдарлама арқылы бірден квотаға қол жеткізуге мүмкіндік бар. Бұл біздің жұмыс өнімділігін арттыруымызға да септігін тигізді», дейді Қарағанды қалалық №4 емханасының жалпы тәжірибелік дәрігері Әбдірахман Мүтәлі.
Жалпы алғанда 2020 жылы МӘМС енгізілгеннен кейін денсаулық сақтау саласына арналған бюджет еліміз бойынша шамамен 1,5 трлн теңгені құрайтын болады. Медициналық оңалтуды қоса алғанда, халықтың қажеттіліктеріне негізделген медициналық көмектің басым түрлерін қаржыландыру көлемі едәуір ұлғаяды. Бұл келесі жылы 7 есеге, 2025 жылға қарай 11 есеге дейін ұлғаяды деп жоспарланған. Келесі жылы медицина қызметкерлерінің жалақысы көбейеді. Атап айтқанда, дәрігерлердің еңбекақысы 30%-ға, орта медицина қызметкерінің табысы 20%-ға өседі, ал 2025 жылға қарай олар қазіргі жалақымен салыстырғанда 2 есе көп алуы тиіс.
Салғырт құрылыс компанияларын қара тізімге енгіземіз - Алтай Көлгінов
Аймақтар • Бүгін, 11:47
Шетелден 307 азамат ПТР анықтамасыз ұшып келді
Қазақстан • Бүгін, 10:49
Спорт • Бүгін, 10:10
Қостанай қазақ театры көрермендерімен қайта қауышты
Аймақтар • Бүгін, 09:47
Жансай Смағұлов күміс медальді иеленді
Спорт • Бүгін, 09:37
Пневмонияның 52 және 3 өлім жағдайы тіркелді
Қазақстан • Бүгін, 09:27
Елімізде 568 адам коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:18
Елімізде бір тәулікте қанша адам вирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:07
Спорт • Кеше
Елімізде алғаш рет «Домалақ ана» операсы сахналанды
Аймақтар • Кеше
ШҚО аумағында шектеу шаралары 20 наурызға дейін ұзартылды
Аймақтар • Кеше
СҚО полициясында 374 қыз-келіншек қызмет атқарады
Аймақтар • Кеше
Қостанайлық «Тобыл» Қазақстан суперкубогын жеңіп алды
Аймақтар • Кеше
Алматының ортасындағы көше опырылып қалды
Аймақтар • Кеше
Теңіз кенішіндегі бес автобус өртінің себебі анықталды
Аймақтар • Кеше
Боксшылар әзірге төрт қола алды, тағы екеуі финалда
Спорт • Кеше
Тараз қаласында 135 отбасы баспаналы болды
Аймақтар • Кеше
Жансай Смағұлов жүлдеге таласады
Спорт • Кеше
Алматының бас санитары Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды
Аймақтар • Кеше
8 наурыз күні хоккейден балалар турнирі өтеді
Аймақтар • Кеше
Спорт • Кеше
Оралдық магистранттар қазақ әдебиетін оқиды
Аймақтар • Кеше
Қазақстанның қай өңірлері «сары» аймақта тұр
Қазақстан • Кеше
Дзюдодан Париждегі турнир Қазан қаласына ауыстырылды
Спорт • Кеше
Атырау облысында газдан уланған төрт адам қайтыс болды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Теңіз кенішінде 5 автобус отқа оранды
Аймақтар • Кеше
Пневмонияның 42 және 2 өлім жағдайы тіркелді
Қазақстан • Кеше
Қазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 200 мыңнан асты
Қазақстан • Кеше
Өткен тәулікте 832 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды
Қазақстан • Кеше
Қазақстан мен Өзбекстан медицина саласында ынтымақтастықты нығайтады
Медицина • 05 Наурыз, 2021
Алматыда жауын-шашын салдарынан көліктерді ағаш басып қалды
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Қазақстанның 7 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • 05 Наурыз, 2021
Көктемдегі ҰБТ 10-наурызда басталады
Білім • 05 Наурыз, 2021
Үкіметте «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі штабтың отырысы өтті
Үкімет • 05 Наурыз, 2021
Алматыда «Жыл құсы-2021» көрмесі басталды
Өнер • 05 Наурыз, 2021
Ashyq қосымшасы арқылы тексерілетін ЖСН мәліметтері қайда жіберіледі
Қоғам • 05 Наурыз, 2021
Екі-ақ төрті бар екен, қалғанының бәрі бес...
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Әр сала үздіктеріне құрмет танытты
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Алматы тауларында қар көшкіні жүреді
Экология • 05 Наурыз, 2021
Жаңа маусымда жергілікті ойыншыларға сенім артты
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
АҚШ-тың екі штатында бетперде тақпауға рұқсат етілді
Әлем • 05 Наурыз, 2021
«Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасы жарияланды
Қоғам • 05 Наурыз, 2021
Алдағы 9 наурызда Бас санитардың жаңа қаулысы күшіне енеді
Медицина • 05 Наурыз, 2021
Атырауда түрмедегілер туысымен екі тәулікке кездесе алады
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Елордалықтар ақпан айында МӘМС-ке 3,2 млрд теңгеден аса жарна аударды
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Нұрлан Ермекбаев ресейлік әріптесі армия генералы Сергей Шойгумен телефон арқылы сөйлесті
Қоғам • 05 Наурыз, 2021
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Биыл Жаңақорған ауданынан күн электр станциясы пайдалануға беріледі
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Алматыда гашиш сатқан азамат ұсталды
Қоғам • 05 Наурыз, 2021
«Қазақалтын» кенішінен 122 млн теңгенің алтыны ұрланды
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Қостанай облысында «Көктем - 2021» оқу-жаттығу шарасы өтті
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Футзалдан «Евро-2022» додасының іріктеу ойындары өтті
Спорт • 05 Наурыз, 2021
Руслан Бекетаев жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • 05 Наурыз, 2021
Елордада ағаштар мен бұталарды қояндардан қорғау жұмысы жүріп жатыр
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
«Ashyq» қосымшасын 27 алматылық кәсіпкер сынақтан өткізуде
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Елімізідің көлік сақшылары полицей әйелдерді төл мерекеcімен құттықтады
Қазақстан • 05 Наурыз, 2021
Гүлшара Әбдіқалықова аяулы аналарды мерекесімен құттықтады
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Қазақстанда тағы бір мереке пайда болады
Қазақстан • 05 Наурыз, 2021
ШҚО тұрғыны 230 келіден астам маралдың мүйізін ұрлаған
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Grand Slam: Елдос Сметов финалға шықты
Спорт • 05 Наурыз, 2021
Қарағандыда жол апатынан 3 адам қайтыс болды
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Ұқсас жаңалықтар