Руханият • 11 Желтоқсан, 2019

Саз балшықтан қөлөнер бұйымдарын жасаудан шеберлік сағаты өтті

987 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы музейінде саз балшықтан бұйымдар жасаудан шеберлік сағаты өтті. Шеберлік сағатқа О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің оқытушысы Алиасқар Исламұлы арнайы шақырылған.

Саз балшықтан қөлөнер бұйымдарын жасаудан шеберлік сағаты өтті

Шебердің айтуынша, саз балшық сырттай лас болып көрінгенмен, өте кірпияз дүние. Құмыра жасау үшін адамға ең алдымен шыдамдылық пен ниет, тазалық керек. Ал адамдардың көбісі сол саз балшықтан қолдан әр түрлі бұйымдар жасауға болатынын біле бермейді.

Қолөнер шеберінің айтуынша, топырақтың баланың денсаулығына тигізер пайдасы зор. Біріншіден, сазбалшықтың құрамында 60%-ға жуық кальций элементтері бар. Яғни сазды ұстаған кезде балаға алақаны арқылы организмге пайдалы дәрумендер тарайды. Оны қолмен илеу арқылы сүйек қатаяды.  Екіншіден,  бала еңбекке үйреніп, шеберлігін шыңдайды.

о

Сонымен қоса, балаларға балшық илету арқылы әр түрлі психо-физиологиялық аурулардың  алдын-алуға болады. Мәселен, көз, құлақ, мұрын, сынды көру, есту, сезу мүшелерінің қабілетін жақсартуға болады. Алматы музейінде мұндай шеберлік сағаттары балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында ұйымдастырылып тұрады. Бүгінде бұл қожетімді кәсіп. Жаңа технологиялар да қол жұмысын жеңілдетуде. Адам денсаулығына зор пайдасы бар кәсіпті жастар арасында кеңінен насихаттау уақыт оздырмай қолға алатын іс дейді мамандар.

 

АЛМАТЫ