26 Шілде, 2013

Г.Марченко Елбасына валюта нарығындағы ахуал туралы мәлімдеді

272 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Рынок капитала-3

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченконы қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Г.Марченко негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер мен валюта нарығындағы ахуал туралы мәлімдеді.

«Мемлекет басшысы қазіргі уақытта алтын-валюта резервтері көлемін, сондай-ақ отандық экономиканың даму қарқынын ескергенде ұлттық валютаның девальвацияға ұшырауына ешқандай негіз жоқтығын атап өтіп, бұл ретте Ұлттық банк жұмысын бастапқы режімде жалғастыру қажеттігіне тоқталды»,-деп жазылған хабарламада.

Ұлттық банк төрағасы қаржы нарығының барлық сегменті бойынша орнықты өсім байқалғанын, ал инфляция деңгейі 2012 жылғы шілде мен биылғы шілде аралығында 5,9 пайызды құрағанын және жоспарланғаннан 6-8 пайыз төмен тұрғаны жөнінен хабардар етті.

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен экономиканың даму қарқынын сақтауды қамтамасыз ету жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Сәкен Майлыбай.

Соңғы жаңалықтар