Руханият • 12 Желтоқсан, 2019

Күлкі керуені № 24

4560 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Күлкі керуені № 24

Шаштараз күнделігінен

Өте мазасызданған бір әйел келді де:

– Шашымды тап соныкіндей етіп қиып беріңізші, – деді.

- Кімдікіндей? – деп мен таңқалдым.

- Кімдікіндей болсын?! Күйеуімнің мені айырбастаған әйелдікі қандай болса, тап сондай етіп.

                                                                           ***

 Қыз жылап тұр екен, қасына келдім де:

– Неге  жылайсың, бірдеңе болып қалды ма? Қазір шашыңызды жөндеп беремін, – дедім.

– Кеш қалдыңыз, – деп бұрынғының үстіне өксігін үдете түсті.

 Мен не істерімді білмей сасқалақтап, жанымда тұрғандарға жалтақтай қарап, олар тарапынан көмек күттім. Бір мезгілде көз жасы ағыл-тегіл боп еңіреп тұрған қызым мәз-мейрам болып:

– Сендіңіз бе? Сендіңіз ғой. Міне, енді актриса болатыныма көзімді әбден жеткіздім, – деді.

                                                                             ***

Шашын жөндетуге келген бір әйел:

– Теріс қарап тұрсамда – егер   бір ер адам маған назар аударса, желкемнен сезінем, – деді.

 Оның осы сөзі есімде қалған екен, ол сәнделуге  бір келгенде желкесінен көз  алмадым. Бірақ ол селт етер емес. Сөйткен соң өзінің  айтқанын есіне  салып едім, ол:

– Сіз еркек емессіз ғой, сіз  шаштаразсыз, – деп бетіме аңтарыла қарады

                                                                               ***

 Бір әйел орындыққа отыра беріп:

– Ақылды болу қиын екен – ұзақты күнге тіс жарып, дыбыс шығармауың керек, – деп өкінді.