Шаштараз күнделігінен
Өте мазасызданған бір әйел келді де:
– Шашымды тап соныкіндей етіп қиып беріңізші, – деді.
- Кімдікіндей? – деп мен таңқалдым.
- Кімдікіндей болсын?! Күйеуімнің мені айырбастаған әйелдікі қандай болса, тап сондай етіп.
***
Қыз жылап тұр екен, қасына келдім де:
– Неге жылайсың, бірдеңе болып қалды ма? Қазір шашыңызды жөндеп беремін, – дедім.
– Кеш қалдыңыз, – деп бұрынғының үстіне өксігін үдете түсті.
Мен не істерімді білмей сасқалақтап, жанымда тұрғандарға жалтақтай қарап, олар тарапынан көмек күттім. Бір мезгілде көз жасы ағыл-тегіл боп еңіреп тұрған қызым мәз-мейрам болып:
– Сендіңіз бе? Сендіңіз ғой. Міне, енді актриса болатыныма көзімді әбден жеткіздім, – деді.
***
Шашын жөндетуге келген бір әйел:
– Теріс қарап тұрсамда – егер бір ер адам маған назар аударса, желкемнен сезінем, – деді.
Оның осы сөзі есімде қалған екен, ол сәнделуге бір келгенде желкесінен көз алмадым. Бірақ ол селт етер емес. Сөйткен соң өзінің айтқанын есіне салып едім, ол:
– Сіз еркек емессіз ғой, сіз шаштаразсыз, – деп бетіме аңтарыла қарады
***
Бір әйел орындыққа отыра беріп:
– Ақылды болу қиын екен – ұзақты күнге тіс жарып, дыбыс шығармауың керек, – деп өкінді.