Руханият • 16 Желтоқсан, 2019

Ы.Алтынсариннің «Мактубат» хрестоматиясының 120 жылдық тарихы бар

808 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кітап палатасының мұрағатында тарихы 120 жыл болған Ы.Алтынсарин «Мактубат» хрестоматиясы сақталған.

Ы.Алтынсариннің «Мактубат» хрестоматиясының 120 жылдық тарихы бар

Бүгінде ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының бүгінде баспасөз мұрағатында 5 миллионмен саналатын баспа өнімдері сақталған десек, олардың қатарында  төте жазумен жарық көрген тарихи басылымдар да бар. Тарата айтар болсақ, Ыбырай Алтынсариннің қазақ тілінде оқу үшін жазған «Мактубат» хрестоматиясы (бұл 1899 жылы шыққан, екінші басылым), 1907 жылы Қазанда басылып шыққан С. Көбеевтің «Сарыарқаның кімдікі екендігі» әңгімесі, Ахмет Байтұрсыновтың  1906, 1907 жылдары  Семей баспаханасынан шыққан «Тіл құралы», 1922 жылы Тәшкентте басылып шыққан Оқу құралы, 1926 жылғы «Тіл танытқыш» кітабы, 1900 жылы Қазан қаласынан шыққан «Біржан сал мен Сара қыздың айтысы», 1922 жылы Ташкент қаласындағы Түркістан мемлекеттік баспасынан шыққан Міржақып Дулатовтың бірінші деңгейге арналған есеп құралы, тағы басқа көптеген құнды мұралар бар.

ҚР Кітап палатасының статистикалық мәліметтері бойынша, бойынша Баспасөз мұрағат қорына 1899 жылы 7 аталыммен  кітап және кітапшалар келіп түскен. 1900-ші жылы 2 кітап, 1901-ші жылы 8 кітап, осылайша 1923 жылға дейінгі көрсеткіш 50-ге дейін жепеген. Ал 1924 жылы бұл көрсеткіш бірден 142 аталымға өскен. Осылайша, 1941- 1945 жылдарға дейін үнемі өсу үстінде болған. Тек соғыстан кейінгі 46-47 жылдары күт төмендеп 214-206 аталымға төмендеген. Кітаптар мен кітапшалар саны біртіндеп өсе отырып, 1954 жылы ғана мыңнан асып, дәлек айтсақ 1159 аталымға жеткен. Осы кітаптардың таралымы 14260 дананы көрсеткен.

1937 жылы Кітап палатасы ресми түрде құрылған кезінде баспасөз мұрағатында 5328 таралыммен шыққан 408 аталым кітап тіркелген.

 АЛМАТЫ