Аймақтар • 16 Желтоқсан, 2019

Тәуелсіздікке тарту: Шымкенттік жастарға пәтер кілті табысталды

237 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні түрлі салада жұмыс істейтін шымкенттік жастар баспанамен қамтылды. Бес жылға жалға берілетін тұрғын үй беру бағдарламасы Жастар жылы аясында Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылуда.

Пәтер кілтін жастарға қала әкімі Ерлан Айтаханов салтанатты түрде табыстап, еліміздің болашағы жастардың өсіп, өркендеуі үшін мемлекет тарапынан көптеген қолдаулар көрсетіліп жатқандығын атап өтті.

«Бұл бағдарламаның ерекшілігі жастарға өзінің болашақтағы жеке меншік үйінің бастапқы жарнасын жинақтауға мол мүмкіндік беретіні. Яғни, жастарымыз пәтерден-пәтерге көшіп, ай сайынғы нарықтағы пәтерақының орнына 5-7 мың теңге көлеміндегі төлемақыны төлейді», - деді Ерлан Қуанышұлы.

Бұл күні қаламыздағы дәрігерлер, мұғалімдер, инженерлер, коммуналдық және құқық қорғау органдары мен энергетика, мәдениет, спорт саласының қызметкерлері, кәсіпорын жұмысшыларынан құралған жастар құрылыс жұмыстары аяқталған үйден су жаңа пәтер кіліттерін алды. Осылайша қайырымды қалада Жастар жылы аясында қоғамның әр саласында еңбек етіп жүрген 30 жас баспаналы (1 бөлмелі - 25, 2 бөлмелі 5 пәтер бар) болды.

Әрі, шаһардағы жыл соңына дейін берілетін 904 пәтердің кілттерін табыстау кезеңі Тәуелсіздік күнімен тұспа-тұс басталып кетті.

Ақназар хан көшесіндегі сатып алу құқығынсыз пайдалануға берілген көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің жалпы ауданы 1137 шаршы метрді құрайды. Осы үйдің құрылысы барысында 200-ден астам жас жұмыспен қамтамасыз етілген.

Айта кетерлігі, еліміздегі жоғары оқу орындары мен жастар жиі шоғырланған мегаполисте алдағы екі жылда жастар үшін 900-ден астам  пәтер берілетін болады. Осылайша бағдарлама аясында 2704 жас жалдамалы үймен қамтамасыз етілмек.

 Шымкент