Басылым басшылары • 16 Желтоқсан, 2019

Басылым басшылары - Ораз ЖАНДОСОВ (06.1924-07.1926)

1229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ораз Қиқымұлы – Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласының перзентi. 1918 жылы Верный ерлер гимназиясын тәмамдаған. Қазақстанда кеңестiк билiк орнағаннан кейiн Жетiсудағы ұлт iстерi жөнiндегi  облыстық бөлiмдi басқарды. 1919-1921 жылдары Түркiстан КП мұсылман коммунистерi секциясы облыстық бюросының төрағасы болды. Жетiсу облыстық революциялық әскери комитетiн және облыстық “Қосшы” одағын басқарды.

Басылым басшылары - Ораз ЖАНДОСОВ (06.1924-07.1926)

1921-1923 жылдары Түркiстан КП ОК-iнiң үгiт-насихат бөлiмiнiң меңгерушiсi және БК(б)П Қазақ өлкелiк комитетiнiң екiншi хатшысы болды. 1923-1924 жылдары Мәскеудегi К.Тимирязев атындағы ауылшаруашылық академиясында оқыды. 1924-1928 жылдары БК(б)П Қазақстан өлкелiк комитетi үгiт-насихат бөлiмiнiң меңгерушiсi қызметiн атқарды. “Еңбекшi қазақ” газетiне басшылық жасаған кездерi, мiне, осы қызметте жүрген кезбен тұспа-тұс келедi.

1928-1937 жылдары Қазақ АКСР ағарту халкомы, қазақ ауыл шаруашылығы институтының директорлығымен қатар республикалық кiтапхананың директоры болды, Алматы облысындағы Кеген аудандық партия комитетiнiң бiрiншi хатшысы, Алматы облыстық атқару комитетiнiң төрағасы қызметтерiн атқарды. Ұлтаралық қаты­насты реттеуге көп еңбек сiңiрдi. БК(б)П-ның ХII және ХIV, КСРО Кеңестерiнiң екiншi, жетiншi, сегiзiншi съездерiнiң делегаты болды. 1937 жылы тамызда партия қатарынан шығарылды да, жалған саяси айыппен тұтқындалды. 1938 жылы наурызда ату жазасына кесiлдi.