Басылым басшылары • 17 Желтоқсан, 2019

Басылым басшылары - Ғабит МҮСIРЕПОВ (1902-1985)

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ғабит Махмұтұлы қазiргi Солтүстiк Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы Жаңажол ауылында өмiрге келген. Қазақ әдебиетiнiң классигi, қоғам қайраткерi, Социалистiк Еңбек Ерi.

Басылым басшылары - Ғабит МҮСIРЕПОВ (1902-1985)

Жастайынан ауылда арабша оқып хат таныған. 1916 жылы екi класты ауылдық орыс мектебiнде, сонан соң төрт жылдық мектебiнде дәрiс алған. 1923 жылы Орынбор қаласындағы жұмысшы факультетiне түсiп, оны 1926 жылы бiтiрiп шығады. Мұнан кейiн Омбыдағы ауыл шаруашылығы институтында оқиды. 1928 жылы Бурабай орман шаруашылығы техникумында оқытушы болып iстейдi. Жазуға деген құштарлығы осы жерден басталады.

30-шы жылдары қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысады. Баспа орындарында, кеңес, партия мекемелерiнде жауапты қызметтер атқарады. 1934 жылдың наурызынан 1936 жылдың маусымына дейiн “Социалистiк Қазақстан” газетiнiң бас редакторы болып iстейдi.

1938-1955 жылдар аралығында бiрыңғай жазушылық жұмыспен шұғылданады. 1955-1966 жылдары – “Ара” журналының бас редакторы, қазақстан Жазушылар одағы басқармасының бiрiншi хатшысы. 1958 жылдан бастап КСРО Жазушылар одағы басқармасы хатшыларының бiрi, Лениндiк және Мемлекеттiк сыйлықтар жөнiндегi Бүкiлодақтық комитетiнiң мүшесi болды.

Ғ.Мүсiреповтiң еңбегi орасан. Бәрiнен бұрын жұртшылық оны қазақ әдебиетiнiң проза, драматургия салаларының дамып, көркеюiне өзiнiң құнды туындыларымен зор үлес қосқан үлкен жазушы деп таниды, көркем сөздiң шеберi, зергерi деп бiледi.

Ғ. Мүсiрепов 1985 жылы қайтыс болды.