Экономика • 19 Желтоқсан, 2019

Құс өнімдері нарығына әділетсіз бәсеке кедергі

452 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Ішкі нарықта құс етінің басқа түрлеріне қарағанда «окорочкаға» сұраныс жоғары деп бағамдайды сарапшылар. Бағасы тұтынушыға қолжетімді тағам бізге Америкадан жеткізіледі. Құрама Штаттан әкелінетін құс етінің бағасы ішкі нарықтан әлдеқайда арзан. Ал фаст-фуд тағамдарға үйірсек келетін америкалықтар қанаты мен жұмсақ етін көп тұтынатындықтан, құстың сан етін өзіндік құнынан да төмен бағамен шетелдерге экспорттайды.

Құс өнімдері нарығына әділетсіз бәсеке кедергі

Мамандар жарқын келешегі бар өндірістің адымын аштырмай отырған арзан импорт дейді. Елімізде құс етінің жылдық өнді­рісі 200 мың тоннаны құрайтын бол­са, сұраныс көлемі – 350 мың тонна. Импортқа тәуелді өндіріс­тің жай-күйін жақында өткен Агро­саммит қатысушыларының ал­дында Жұмыртқа өндірушілер қауым­дастығының президенті Мак­сим Божко көтерген болатын. ДСҰ келісімдері аясында Қазақ­станға АҚШ-тан келетін құс еті­не құн салығы салынбайды. Бүгін­де елімізге үлкен көлемдегі құс еті Ресей, Беларусь елінен де әке­лінеді. Ал ішкі нарықтағы бұл әді­летсіз жағдайға отандық құс етіне сұраныс артқанда ғана тосқауыл қоюға болады, дейді М.Божко.

Құс шаруашылығы өндірісін жолға қою жеңіл әрі инвестициялық тұрғыдан қайтарымды бизнес. Инвестор айналымдағы қаржысын жарты жыл ішінде қайтарып алады. Аталған өндірістің тағы да бір тиімді тұсы М.Божко атап өткендей, өсімдік тағамдарының дәруменін жұмыртқа ақуызы арқылы алу мүм­кіндігі. Әрі жұмыртқа ақуы­зы еттен әлдеқайда арзанға түсе­ді. Жұмыртқа белогының нарық­тағы құны бір килограмына 300 теңгені құрайды. Бұл – ең арзан протеин. Бүгінде елімізде 35 жұмыртқа, 15 бройлер өндірісі жұмыс істейтін болса, олардың басым көпшілігі Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақ­стан, Павлодар және Алматы облыстарында шоғырланған. Ал Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Түр­кістан, Атырау және Жамбыл облыс­тарындағы кішігірім құс фаб­рикалары өз аймақтарының сұранысын қамтамасыз етіп отыр. М.Божконың айтуынша, ағымдағы жылы жұмыртқа экспортының көлемі екі есеге дейін төмендеп кет­кен. Қазақстандық жұмыртқа өн­дірушілері 2016 жылы Ауған­стан және Ресей нарығына шы­ғып, экспорт көлемін былтыр 600 миллион данаға жеткізген. Экс­порт көрсеткішінің төмендеуін Ауғанстан нарығына Пәкістаннан әкелінетін арзан жұмыртқалармен байланыстырған М.Божко «Отан­дық фабрикалардың экспорттық әлеуеті жоғары. Бұл көрсеткішті жылына 2 миллиардқа дейін жет­кізуге болады», дейді. Ал Ресейде атал­ған өндіріс жақсы жолға қой­ыл­ған­дықтан, Қазақстан өнімін тұрақты түрде тұтына бермейді. 2013 жылы жұмыртқа импорты 42,9 млн-ды құраса, керісінше, экспорт көлемі 58 миллионға артқан. Ал өткен жылы бұл көрсеткіш 938 млн-ды құрап, оның 819 млн-ы Ауғанстанға жөнелтілген. Биыл Ауғанстан қазақстандық жұмыртқа нарығынан шығып, құс өнімдерінің бағасы төмендетілген Пәкістан мен Иранға басымдық беріп отыр. Бүгінде барлық құс фабрикалары өндірілген өнімдері­нің 10-40 пайызын экспорттайтынын негізге алсақ, соңғы бес жылда отандық құс фабрикалары экспорттық әлеуетін 16 есеге дейін арттыра алатын еді. Бірақ сырт­қы нарықтағы тұрақсыздық экс­порттық әлеуетке кері ықпалын тигізіп отыр, дейді М.Божко. Қа­зір­гі кезде қазақстандық өндіру­ші­лер­дің көздеп отырғаны – Қытай нарығы. Бұл бағыттағы жұмыстар тиісті министрлікпен келісілуде. Экспорттың артуына сонымен бірге ауыл шаруашылығының өзге салалары – астық және майлы дақылдар өндірісі ықпал етпек. Аграрлы елде артық астық шикізат ретінде шетелдерге экспортталады. Ал мамандар бидай, жүгері, күнбағыс және бұршақ тұ­қым­дастарды мал және құс шаруа­шылығында өңдеудің тиім­ділігін алға тартады. Бүгінде құс шаруашылығы жылына 1 млн тонна көлемінде дақыл, 500 мың тонна майлы дақылдардың күнжарасын тұтынады. Өндіріс көлемі ұлғайған сайын астықты тұтыну көлемі де артады. Жұмыртқа өндірушілерінің мақсаты өндіріс көлемін жылына 2 млрд-қа дейін жеткізу еке­нін жоғарыда атап өттік. Ондай жағ­дайда 120 млн доллар табыс табуға болады. Ал егер астықты шикізат күйінде сыртқа шығара берсек, одан түсетін пайда бар-жоғы 40 млн долларды құрайды. Бұдан шикізатты емес, өңделген өнімді экс­порттаудың қаншалықты тиім­ді екендігін көреміз, – дейді М.Божко. Жұмыртқа өндірісін жыл­дам дамыту үшін жаңа фабри­калар тұрғызудың қажеті шамалы. Қазіргі өндірістік әлеует деңгейінде де құс басын көбейтуге бо­лады. Дегенмен жұмыртқа өнді­рісінің әлсіз жақтары да бар. Жаз кезінде сұраныс азайған тұста құс фабрикалары бағаны ар­зан­датады. Ал күзде сұраныс ұ­л­ғай­ған кезде өндірушілер ба­ға­ны көтеру арқылы жазғы шы­ғын­ның орнын толтыруға тыры­са­ды. Мұндай жағдайдан шығу­дың тиім­ді жолының бірі – жұмырт­қа­ның сарысын ақуызынан ажы­ра­тып алып ұнтақ жасау әрі тағам өнеркәсібін ұнтақпен қамта­ма­сыз ету. Өндірістің бұл түріне көш­кен жағдайда жекелеген тұ­тыну­шылардан жұмыртқаға сұра­ныс­тың аздығына қарамастан, жаз кезінде де шаруашылықтың қуатын арттыруға болады. Нәти­же­сінде өндірісте баға тұрақтай­ды. Тағы бір жолы – мекиен тауық­тарды ет өндірісіне жіберуді жолға қою. Бүгінде сала тұрақты субси­дияланбағандықтан, құс фабрикалары мекиен тауықтар санын айзайтуда. «Шаңырақ» компания­лар тобы ағымдағы жылдың жаз айында жұмыртқа бағытындағы бір фабрикасының жұмысын тоқ­татып, өндіріс орнын етті бағыт­қа бұруды жоспарлаған. Тығы­рықтан шығудың жолын тапқан шаруашылық нарықтағы құс еті жетіспеушілігін азайтуды көздейді.

 

АЛМАТЫ