Аймақтар • 24 Желтоқсан, 2019

Қарағандыда Nur Otan партиясының мүшелері марапатталды

262 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кеншілер астанасында Nur Otan партиясының бір топ мүшесі марапатталды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Қарағандыда Nur Otan партиясының мүшелері марапатталды

Марапатқа ие болғандарды құттықтаған сөзінде Nur Otan партиясы Қарағанды облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Жеңіс Қасымбек биылғы жылдың партия үшін өте мазмұнды және жемісті болғанын атап өтті.

 – Елбасы айтқандай, Nur Otan партиясы бүкілхалықтық партияға айналуы тиіс. Біздің облыста партиямыздың 100 мыңнан астам мүшесі бар. Олар – қарапайым жұмысшылар, мұғалімдер, дәрігерлер, мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерлер мен жастар, – деді ол.

Салтанатты шарада ҚР Парламенті Сенатының Құрмет грамотасымен Nur Otan партиясының Қарағанды облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихаттағы партияның депутаттық фракциясының жетекшісі Қадиша Оспанова марапатталды.

«Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы, Nur Otan партиясының Қарағанды облыстық филиалы Саяси кеңес Бюросының мүшесі Серік Өтешов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Nur Otan партиясы Қарағанды облыстық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі Оралды Төреғожин,  Nur Otan партиясының Осакаров аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Нұркен Қобжанов, «Қарағанды қаласының №3 емханасы» КМК директоры, бастауыш партия ұйымының төрағасы, Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты, Nur Otan партиясы Қарағанды облыстық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі Сания Боранқұлова, «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалының басшысы Меруерт Башай, Nur Otan партиясының Қарағанды облыстық филиалы ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің кеңесшісі Қарақат Әмірова, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жанындағы Nur Otan партиясы филиалының төрағасы, Теміртау қалалық мәслихатының депутаты Әлібек Алпысбаев, «Дара ел» ҚБ төрайымы Ләззат Асенова, Саран қаласының «СКЭП» ЖШС директоры, Саран қалалық мәслихатының депутаты Шәріп Исенов, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ фасон құю цехының электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электр монтері, «Фасон құю цехы» бастауыш партия ұйымының төрағасы Игорь Михайликов, Т.Күзембаев атындағы шахта учаскесі бастығының көмекшісі Евгений Васильев марапатталды.

Сонымен қатар, Nur Otan партияның тоғыз мүшесі Құрмет грамоталарына ие болды.