Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2019

Экологтар және жануарлар әлемін қорғаушылар тұрғындармен кездесті

462 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

«Маңғыстау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінде қоғамдық қабылдау өтті. Онда облыстық экология департаментінің басшысы Руслан Төкенов, «БатысҚазЖерҚойнауы» өңіраралық департаменті Маңғыстау өңірлік инспекциясының жетекшісі Алмагүл Келбет пен Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар жүниесі аумақтық инспекциясының басшысының міндетін атқарушы Ғаббас Досатов тұрғындарды жеке сұрақтар бойынша қабылдау жүргізді. Бұл туралы Маңғыстау облысы Экология департаментінен хабарлады.

Экологтар және жануарлар әлемін қорғаушылар тұрғындармен кездесті

«Маңғыстау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Дайрабай Үсіпбаевтың айтуынша, аталмыш шара азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру, тұрмыстық жемқорлықты жою және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудың қоғамдық ахуалын қалыптастыру бағытында ұйымдастырылды.

Яғни, осындай бастамалар арқылы жергілікті атқарушы органдар мен тұрғындар арасындағы байланысты жандандыру, түрлі салалардағы түйткілді мәселелерді талқыға салу арқылы шешу және мемлекеттік мекемелердің ашықтығын қамтамасыз ету, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және алдын алуға бағытталып отыр.

Шара барысында тұрғындар өзекті мәселелер бойынша тиісті мамандардан тұшымды жауаптар алды. Қоғамдық қабылдаудан соң қорытынды жиналыс өткізіліп, түскен ұсыныс-пікірлер бойынша тиісті мекеме басшыларына хаттар жолдананатын болады.

-Біздің миссия сыбайлас жемқорлықты жалпыға бірдей төзбеушілікті қалыптастыру және азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру болып табылады. Бұл ретте тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою, азаматтар үшін жайлы жағдай жасау және жалпы бақылауды қамтамасыз ету жолымен көздеген мақсатымызға қол жеткізуге болады. Жобалық кеңсе сыбайлас жемқорлықен күрес мақсатында құрылғанын ескеретін болсақ, алдағы уақытта осындай қоғамдық қабылдаулар тұрақты түрде өткізілетін болады және тұрғындардың өздерін мазалаған сұрақтарға жауап алуына еш кедергі болмайды, дейді Дайрабай Үсіпбаев.

Өз кезегінде Маңғыстау облыстық экология департаментінің басшысы Руслан Төкенов, өзі жетекшілік ететін ведомствада сыбайлас жемқорлыққа қарсы құрылған «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өз жұмысын бастап кеткендігін тілге тиек еткізді.

«Жалпы сыбайлас жемқорлықты алдын-алу бағытында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысын жандандырып, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен қол жетімділігіне көбірек көңіл бөлуді көздейміз. Бұл ретте Open space форматында жұмыс істеген дұрыс деп санаймыз. Сонымен қатар, парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру маңызды болып қала бермек және осы бағытта жұмыс жоспарын құрып, барлық мүдделі тараптармен қоян-қолтық жұмыс жасауға дайын екендігімізді растаймыз» деді ол.

Мемлекеттік органдардың басшылары өз қызметі туралы уақытылы ақпарат беру үшін, халықпен коммуникацияның қазіргі заманғы арналарын, әсіресе халық арасында ең әлеуметтік желілерді барынша пайдалана отырып, азаматтардың сенімін арттыру көңіл аударуы қажет екендігі сөз болды. Осылайша жобалық кеңсеге келіп түсетін ұсыныстар мен ұсынымдар мұқият зерделеніп, тұрғындар ақпараттандырылмақ.

Сонымен қатар алдағы уақытта экология департаментінің жанынан Сарапшылық кеңес құру жоспарда бар. Оның құрамына үкіметтік емес ұйымдар және бизнес-қауымдастық өкілдері кіреді деп күтілуде.

Мамандар негізінен үш бағытта жұмыстарды күшейтпек. Біріншіден,  ашықтық, тұтастық және дайындық қағидаттарын іске асыру арқылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы тұру. Екіншіден,  адамдардың өмір сүруіне сүруіне қолайлы жағдай жасау үшін қоғамдық бақылауды жүзеге асыру. Ал үшіншіден, қоғамның талдауы мен мониторингінің негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру болмақ.