Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2019

Маңғыстауда «Жолда қабылдау» республикалық акциясы өтті

128 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Маңғыстау өңірінде өткен «Жолда қабылдау» республикалық акциясы барысында полиция қызметкерлері тұрғындардың кез-келген сұрақтарына жауап берді.

Маңғыстауда «Жолда қабылдау» республикалық акциясы өтті

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевтың тапсырмасына сәйкес акция аясында «Нұр Отан» партиясында Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қ.Таймерденов, сондай-ақ, екі күн бойы барлық аудан-қалаларда өткен шараға қала, аудан басқарма, бөлім басшылары қатысып, жергілікті «Нұр Отан» партиясының жанында азаматтарды қабылдады. Ақтау, Жаңаөзен қалаларында «Аулаларда қабылдау» шарасы әр шағын ауданның аулаларында өтті. Бұл шара кезінде облыс тұрғындары өзекті мәселелермен келіп, тиісті жауаптарын алды, шараға Департаменттің басқарма басшылары да қатысты, деп хабарлады Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі.

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің фронт-кеңсесінде ұйымдастырылған шарада Департамент бастығының Кадр жөніндегі орынбасары полиция полковнигі Б.Ақшауов ІІО қызмет етіп, жұмысқа орналасуға ниет білдірген жастарға бос лауазымды орындар жөнінде ақпараттармен қоса қызметке кіру тәртібі, қызметкерлердің әлеуметтік кепілдіктері, жалақы деңгейі, қызметке үміткерлерге қойылатын талаптар туралы толық ақпараттық кеңес беріп, азаматтардың басқа да жеке сұрақтарын шешу бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды.

Сондай-ақ Маңғыстау облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасы, Көші-қон қызметі басқармасы қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың алдын алу және жолын кесу, қылмыстарды ашу, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қадағалаусыз қалуды анықтау және жолын кесу, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзырет шегінде анықтауды және әкімшілік өндірісті жүзеге асыру, заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл жасау және шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағында болу мәселелері жөніндегі заңнаманы сақтауын бақылау, виза жұмысын жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына байланысты мәселелер туралы азаматтардан түскен сұрақтарға жауап берді.

Шара барысында тұрғындардың басым көпшілігі Маңғыстау облысы ПД Жергілікті полиция қызметіне жол көлік оқиғасы бойынша толтырылған хаттамалар, салынған айыппұлдар, жол ережесі бойынша ортанылған белгілер, шешімін таба алмаған жеке сұрақтармен келген. Қабылдауға келген барлық тұрғынның мәселесі «Жолда қабылдау» акциясы аясында шешімін тапты. Сонымен қатар ПД ЖПҚ бастығы құқық бұзушылықтар профилактикасы, қоғамдық тәртіпті сақтау, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, облыс аумағында халықтың игілігі үшін, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында атқарылып жатқан қызметтері жайында айтып өтті.

Бұл шараға қатысқан тұрғындар тәртіп сақшыларына өз алғыстарын білдірді.

Айта кетерлігі, тұрғындарға заң тұрғысынан көмек беру, құқықтық сауаттылықты арттыру және полицияның ашықтығын көрсету мақсатында ұйымдастырылған бұл акцияның алғашқы күнінен-ақ полиция қызметкерлерінен көптеген облыс тұрғыны құқықтық кеңес алды.

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20