Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2019

Алматы облысында Президент шыршасына 200 бала қатысты

272 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Талдықорған қаласында Президенттік шырша мерекесі өтті. Мерекелік шараға облыстың түкпір-түкпірінен 200 бала қатысты.

Алматы облысында Президент шыршасына 200 бала қатысты

Олардың дені ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, жетім балалар, аз қамтылған отбасының балалары, үздік оқитын, республикалық және халықаралық оқушылар олимпиадаларында, спорттық жарыстарда жетістікке жеткен өрендер болды.

Балдырғандарға «Алтынай», «Талдықорған әуендері» ән-би ансамбльдерінің және Қапшағай қалалық балалар шығармашылығы орталығының өнерпаздары көңілді күй сыйлап, Талдықорғандағы №42 балабақшаның бүлдіршіндері тақпақ айтып, жаңа жылдық шашу шашты.