Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2019

Полицейлер қайырымдылық көмек көрсетті

638 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау ауданы Полиция бөлімі «Қайырымдылық - ізгілік бастауы» тақырыбында Маңғыстау ауданында тұратын үш отбасыға қайырымдылық шарасын өткізді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

Полицейлер қайырымдылық көмек көрсетті

Бұл отбасылардың тұрмыстық жағдайы төмен, мүгедек жанұя мүшелері бар. Полиция басшысы Рашид Қуандықов бастаған бір топ полиция қызметкерлері ол үйлерге арнайы барып, азық-түлікпен қамтамасыз етті.

-Қайырымдылық – мұқтаж жандарға көрсетілер нақты көмек, ізгіліктің анық көрінісі, адамның асыл қасиеті. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қоғамдық тәртіпті сақтайтын, сондай-ақ тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдап, мүмкіндігінше көмек беруге ұмтылатын полицейлер аз қамтылған отбасыларға көмек беруді де естен шығармайды. Полицейлердің назар аударып, отбастарына арнайы келгеніне тұрғындар риза, дейді Маңғыстау облысы Полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар қызметінің жетекші маманы Айғаным Рахметова.