29 Шілде, 2013

Ғажайып Ғафу

584 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Гафу

Ғафу Қайырбеков жастайынан ауыз әдебиетінің ақбұлағынан мейірі қанғанша сіміре жұтып, сусынын қандырған, хисса, дастандарға, жыраулардың қазақы үніне құлшына қос құлағын тосқан, алысқа алқынбай шабатын Нұрхан Ахметбеков сынды жыр тұлпарларынан тәлім-тәрбие алған нағыз жүйріктердің бірі еді. Осылай Алла сыйын алақанда әлдилей білген Ғафу өлеңде өз жолын тауып, поэзияның әсем әлеміне жалтарып, жасқанбай ерекше батылдықпен, елгезек ақындықпен беттеді.

 


 

Гафу

Ғафу Қайырбеков жастайынан ауыз әдебиетінің ақбұлағынан мейірі қанғанша сіміре жұтып, сусынын қандырған, хисса, дастандарға, жыраулардың қазақы үніне құлшына қос құлағын тосқан, алысқа алқынбай шабатын Нұрхан Ахметбеков сынды жыр тұлпарларынан тәлім-тәрбие алған нағыз жүйріктердің бірі еді. Осылай Алла сыйын алақанда әлдилей білген Ғафу өлеңде өз жолын тауып, поэзияның әсем әлеміне жалтарып, жасқанбай ерекше батылдықпен, елгезек ақындықпен беттеді.

 

Ғафудың тұңғыш өлеңдер жинағы сонау 1954 жылы «Құрдастар» деген атпен жарық көрді. Сұңқар алғашқы ұшқанынан, тұлпар алғашқы шабысынан таң қалдырып, танылып қалмай ма? Ақынның ең тұңғыш «Құрдастар» атты жинағына енген шұрайлы жырлардың ішіндегі бір өлең әлі күнге дейін мағына, мазмұнын жоймай, көркемдік көгінде тұр. Ол «Бар ма екен деп ойланам» дейтін шағын ғана өлең. Шығармашылық жолда жетіліп, шыңдалуына, оқып, тоқуына, тіпті, отбасын құруына шын мәнінде қамқоршы бола білген көрнекті ақын, әдебиетші, ұлттық әдебиетке оқиғалы өлеңді берік орнықтырған Қайнекей Жармағамбетовке арналған. Автор осы туындысы арқылы ешқашан алдын кеспес ағамен үнсіз сырласа отырып, туған Торғайдың аса қымбат аймағын, бел-белесін бейнелі суреттейді. Марқұм, талантты ақын Кеңшілік Мырзабеков пен танымал ақын Шөмішбай Сариевтардың Ғафекеңе кездескен сайын амандасқан соң осы өлеңді дауыстап оқи жөнелетіндеріне сан мәрте куәгер болғаным бар. Ондайда арқалы ақынның өзі де біртүрлі оқырманға айналғандай, тағы да сар далаға сағынышы оянғандай ықыластана тыңдаушы еді-ау. Ауыздан-ауызға, жүректен-жүрекке тарап, классикалық үлгіде туған туынды мәтінін қырқып, қиянат жасамай толық келтіруді жөн көрдім.

Дүбірде бар екі ши,

Маңайында жыра көп,

Біздің әулет екі-үш үй

Жайлар еді жылда кеп.

Жалғыз қазық мына жұрт,

Мен дүниеге туған жер,

Жалғыз тұтам шуда жіп

Кіндігімді буған жер.

Туған жермен байланған,

Кетпестей ғып кіндіктен,

Бар ма екен деп ойланам

Мықты нәрсе сол жіптен.

Туған жерді тек қана қаламгер биікке көтереді, алысқа аспандатады деген ойдан әрине аулақпыз. Құрылысшы да, кенші де, диқан да, малшы да, кәсіпкер де, лауазым иеленген жауапты басшылар да, елдің еңсесін түсірмеуге, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын әлдендіруге үлкен үлес қосады. Бірақ құнарлы топырағын, ондағы тіршілік тынысын, өмір ағысын, адамдардың іс-әрекетін сиқырлы сөз құдіретімен сырлы суретке айналдыратын, ағыл-тегіл сезім жетегіндегі ақынның маңдай теріне ештеме жетпейді. Ол ешуақыт сыр бүкпейді. Айтарын төгілдіріп жеткізеді. Жүрек лүпілін тыңдағың келсе мәнерлеп оқылған өлеңді тыңда, әйтпесе, орайын тауып кітаптарды парақта. Бұдан біраз жылдар бұрын:

Туған жер алтын бесік, асыл анам,

Ауаңмен, ақсүтіңмен асыраған.

Мен дағы ұлың едім өзің тектес,

Алысқа несібесі шашыраған, – деп жазған Ғафу ақын үмітін үкілеп, додаға түскен, олжасынан құр қалмаған. Біраз несібесіне жолыққан жан. Оған жетелеп апарып дидарластырған қаламгердің қияға қалықтаудан қанаты талмас қыран жырлары, құпиясында құлпы жоқ ақиқатқа құрылған бүкпесіз сырлары. Ғажапты қара