Аймақтар • 26 Желтоқсан, 2019

Аягөзде 175 адам тегін грантқа ие болды

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аягөз ауданы бойынша аталмыш грантты 175 адам иеленіпті.

Аягөзде 175 адам тегін грантқа ие болды

Жыл басынан бері мемлекет тарапынан бизнес идеялары бар көп балалы отбасыларға, жастарға және мүгедек жандарға 200 АЕК (505 000 теңге) көлемінде тегін гранттар беріліп жатқаны белгілі. Аягөз ауданы бойынша аталмыш грантты 175 адам иеленіпті. Оның 92-сі - жастар, 15-і - мүгедек жандар, 11-і - өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, 57-сі - көп балалы аналар.  «Осындай қолдаудың арқасында әртүрлі бизнес бастамалар жүзеге асты. Тігін цехы, мал бордақылау алаңдары ашылды. Әртүрлі бағыттарда кәсіптерін бастағандар көбейді» дейді аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Медет Мырзыкешов.

аягөз

Солардың бірі - көп балалы ана Әсемгүл Сейітова. «Өзімнің жеке кәсібімді ашпақ ойым бар еді. Бірақ үйде баламен отырып, бұл істі қолға алуға мүмкіндік болмады. Сондықтан мемлекет ұсынған 505 мың теңге грантқа өтінім білдіріп, жобамды ұсындым. Қазір грант арқылы берілген қаражатқа мал алып, үйде отырып-ақ кәсіппен щұғылданып жатырмын» дейді ол.

 Шығыс Қазақстан облысы,

Аягөз ауданы