Аймақтар • 26 Желтоқсан, 2019

Алматы облысында аудан әкімінің орынбасары төбелесті

1058 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желіде мейманханадағы төбелеске қатысқан мемлекеттік қызметшінің бейнежазбасы қызу талқылануда. Осы ыңғайсыз оқиғаның кейіпкері Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары екені анықталды.

Алматы облысында аудан әкімінің орынбасары төбелесті

Тәртіпсіздік 25 желтоқсан аудан орталығындағы «Белые розы» мейрамханасында болған. Шенеунік түнгі сағат 00.30 кезінде көңіл көтеру орнына келген. Бейнежазбада оның бейтаныс адамдармен сөзге келіп, соңы қол жұмсауға жалғасқаны байқалады.

- Әлеуметтік желіде талқыға түскен бейнежазбаға қатысты қызметтік тексеру жүргізілуде. Жамбыл ауданы әкімі орынбасарының тәртібіне қатысты шешім қабылданады. Ол көңіл көтеру орнына жалғыз өзі барған. Ал мейрамханада мемлекеттік қызметшілер жаңа жылдық бас қосу өткізбеген. Жалпы, аудан әкімінің шешімімен аймақта мемлекеттік қызметшілерге мерекелік кеш өткізуге тиым салынған, - деді оқиғаға орай түсінік берген Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.