Футбол • 27 Желтоқсан, 2019

Армениямен жолдастық матч өткізеді

105 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Қазақстан құрамасы 2020 жылдың наурыз айында Алматыда Армения құрамасымен жолдастық матч өткізеді. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Армениямен жолдастық матч өткізеді

Ұлттық құрама 2020 жылдың 23-30 нау­рызында Талғарда оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Жиын аясында екі жолдастық ойын өткізу жоспарланған – 27 және 30 нау­рыз күндері. Алғашқы қарсылас – Армения құрамасы. Ойын 30 күні Алматы қаласында өтеді. Екінші қарсылас кейін белгілі болады.

Бүгінге дейін Қазақстан мен Армения құрамалары жасыл алаңда 7 рет кездескен. Жерлестеріміз бір ойында ғана жеңіске жетсе, Армения төрт матчта басым түскен. Ал екі кездесу тең аяқталған. Қазіргі таңда Ар­мения ФИФА рейтингінде 102-орында тұр.