Теннис • 27 Желтоқсан, 2019

Қарағандылық жас теннисші халықаралық турнирде топ жарды

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың Нинбо қаласында «Hopes Week» әлемдік турнирінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің оқу-жаттығу жиыны өтті. Оған Румыния, Беларусь, АҚШ, Сингапур, Израиль, Үндістан, Малайзия, Греция, Иран, Франция, Испания, Мальдива және Қазақстаннан келген үстел теннисінің шеберлері қатысты.

Қарағандылық жас теннисші халықаралық турнирде топ жарды

Жиын соңында үстел теннисінен халықаралық турнир ұйымдастырылып, ол сында өнер көрсеткен қарағандылық спортшы Алан Құрманғалиев жеңімпаз атанды.

– Нинбода оқу-жаттығу жиыны мен турнир жоғары деңгейде өтті. Спорт залы тамаша: 54 үстелі бар, қызықты әрі пайдалы жаттығулар ұйымдастырылды. Менімен құрдас және менен кіші спортшылар таң қалдырды.  Мықты және өте сауатты ойнайды екен, дейді жас чемпион.

Алан Құрманғалиев Қарағанды қаласындағы үстел теннисі бойынша балалар мен жасөспірімдер олимпиялық резерв мектебінің тәрбиеленушісі. Таяуда Халықаралық үстел теннисі федерациясы құрлықтық, әлемдік «Hopes Week» турнирлерінің қорытындысы бойынша спортшыны «2019 жылдың үздік жас теннисшісі» деп таныды.

Биылғы жылдың қазан айында 12 жастағы Алан  Құрманғалиев Қазақстан чемпионатында сенсациялық жеңіске жетіп, «Спорт шебері» нормативін орындаған ең жас теннисші атанған болатын.

Айта кету керек, еліміздің үстел теннисі тарихында мұндай оқиға бұрын-соңды болып көрмеген.