Аймақтар • 27 Желтоқсан, 2019

«Бастау» жобасы арқылы 2545 адам кәсіпкерлік білімін жетілдірді

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, жалпы, елімізде кәсіпкерлікті дамыту үшін өз ісін бастайтын адамдар арнайы курстан өтіп, пайыздық мөлшерлемесі аз несиелер мен қайтарымсыз қаржы алуға мүмкіндік бар.

«Бастау» жобасы арқылы 2545 адам кәсіпкерлік білімін жетілдірді

Бұл үшін «Бастау» жобасы жұмыс жасауда. Осы бағыт «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының екінші бағыты.

Яғни, қайтарымсыз негізде тұрғындар курстан өтеді. Сертификат беріледі. Бұл мүмкіндіктерді биыл облысымыз бойынша 2545 адам пайдаланып, кәсіпкерлік білімін жетілдірді.

Биыл «Жастар жылында» «Жас кәсіпкер» жобасымен 800 адам білім алды. Олардың 298 жоба иесі жалпы құны 95,7 миллион. теңге көлемінде пайыздық мөлшерлемесі төмен несие алып, ісін бастады.

Ал, «Жас кәсіпкер» арқылы оқығандар да грант алды.  Оларға 140 миллион теңге көлемінде грант берілген. 

Қыздар тырнақ әрлеу, визажист, шаштараз, тігіншілік бағыттарына басымдық берсе, жігіттер автошеберхана, ұялы телефон жөндеу орындарын ашуда.

Ауылдарда мал шаруашылығын дамытуға  үлес қосқысы келетіндер бар. Шарбақты ауданында тұрғындар оқығаннан кейін жеңілдікті несие алып, бизнес бастағандар аз емес. Май ауданында  мал басын көбейтуге көңіл бөлуде.