Аймақтар • 29 Желтоқсан, 2019

Павлодарда Студенттер үйі ашылды

104 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс орталығындағы  «Жоғары электроника және коммуникациялар колледжінде»  пайдалануға берілген жатақхана құрылысын – «Портал ПВ» ЖШС жүргізді.

Павлодарда Студенттер үйі ашылды

Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, бұл колледж өндіріс орындарына қажетті мамандар даярлайды. Өңірдегі 35 мемлекеттік колледждің 21-інде жатақханасы бар.

Сондай-ақ өңіріміздегі оңтайландыру жұмыстарының нәтижесінде босаған ғимараттарда қайта жатақхана құрылмақ.

Ал, жалпы колледждің жаңа жатақхананың бөлмелері екі адамға арналған жиһазбен жабдықталған: кереуеттер, орындықтар, үстел, киім-кешекке арналған шкаф.         

Сондай-ақ жуынатын, кір жуатын бөлмелер, теледидар, жұмсақ жиһазбен жабдықталған демалыс бөлмесі бар.

Жертөлесінде заманауи спорт құралдарымен жабдықталған жаттығу және хореография залы орналасқан.    

Сонымен қатар жатақхана электр пештері, тоңазытқыштары, микротолқынды пештер, үстелдер мен орындықтар бар тамақ дайындауға арналған бөлмелермен қамтылған.

Және  дәмхана мен медбике кабинеті орналасқан медициналық орталықтар  жұмыс жасауда. Аулада арнайы жабындысы төселген баскетбол ойын алаңы бар.