Аймақтар • 29 Желтоқсан, 2019

Павлодарда тұрғын үйлердегі лифтілердің 73 пайызы тозған

153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қалалық тұрғын үй инспекциясының мәліметінше, облыс орталығындағы көп қабатты тұрғын үйлерде 1463 лифті орнатылған.

Павлодарда тұрғын үйлердегі лифтілердің 73 пайызы тозған

Жеделсатылы лифтілер кондоминиумның иелігінде болғандықтан, оларды жаңарту бойынша шешімді тұрғындардың өздері қабылдайды.

Ал, «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы аясында  50 миллион теңге бөлінбек.

Бұл қаражатқа келесі жылы  1 Май көшесі, 284-інші үйде үш лифтіні ауыстыруға 29 миллион теңге, Шөкин, 31 көшесіндегі бір лифтіге 9,1 миллион теңге, Назарбаев даңғылы, 81, 89-да  7 жеделсатыны жаңартуға 60,4 миллион теңге  теңге қарастырылуда.

Ал, пәтер иелері мемлекеттік бағдарлама аясында жеделсатыны жаңартуға қарастырылған қаржыны қайтаруға міндетті.

Яғни, жергілікті әкімдік тұрғындарға пайызсыз қаржы береді. Ешқандай үстемеақы қосылмайды. Тек пәтер иелері белгіленген ақшаны уақытылы төлеп, қайтару қажет.

Төлем көлемі лифті орнату ісіне жауапты «Горкомхоз Модернизация жилья» ЖШС мен пәтер иелері арасындағы келісімшартқа байланысты белгіленеді.

Бұл келісімшарт 25 жылға дейінгі мерзімге жасалуы мүмкін. Сонымен қатар пәтердің аумағы ескеріледі.

Бір жеделсатыны орнату үшін шамамен 9 миллион теңге керек. Ай сайынғы төлем 1800-2500 теңгені құрайды. Бұл сома коммуналдық қызметтер түбіртегінде көрсетіледі. Қауіпсіз әрі қолайлы жаңа лифтіні қолдану тұрғындар үшін қажет.