Хоккей • 30 Желтоқсан, 2019

Словакия сан соқтырып кетті

141 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шайбалы хоккейден Чехияда өтіп жатқан (U-20) жастар арасындағы әлем біріншілігінің екінші кездесуінде Қазақстан құрамасы Словакиядан жеңіліп қалды.

Словакия сан соқтырып кетті

Бірінші кезеңде қос құрама ойыншылары бір-бірінің қақапасына гол соға алмағанымен, екінші кезеңнің 25-минутында словакиялықтар алға шықты. Арада төрт минут өткенде жерлестеріміз таразы басын теңестіріп кетті. Голдың авторы – Максим Мусоров. Естеріңізде болса, Мусоров Швейцарияға қарсы өткен алғашқы ойында дубль авторы атанған болатын.

Үшінші кезеңде біздің хоккейшілер тәуір ойын өрнегін көрсеткенімен, матчтың аяқталуына үш минут қалғанда екі шайба өткізіп алып, жеңісті қолдан беріп қойды. Қорытынды есеп – 3:1. Жарыстың тұсаукесер кездесуінде Қазақстанның хоккейшілері Швейцария құрамасынан 3:5 есебімен ұтылған болатын. Кеше отандастарымыз Финляндия хоккейшілерімен кездесті.