Футбол • 30 Желтоқсан, 2019

«Астананың» қарсыластары анықталды

145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Астана» футбол клубының 2020 жылы қаңтар-ақпан айларында Португалияда өтетін «Атлантик Кап» турниріндегі қарсыластары анықталды.

«Астананың» қарсыластары анықталды

Еліміздің алты дүркін чемпиондары халықаралық турнирде «А» тобында Данияның «Брондбю» мен «Копенгаген» (өз елдерінің 10 және 13 дүркін чемпионы), сондай-ақ Швецияның «Норрчепинг» командасымен матч өткізеді. Ал «В» тобында Данияның «Орхус», Швецияның «Хаккен», Чехияның «Славия» және Норвегияның «Волеренга» клубтары бақ сынайды.

Айта кетейік, «Атлантик Кап» ха­лық­аралық турнирі 2020 жылдың 31 қаңтар мен  8 ақпан аралығында өтеді.