Аймақтар • 30 Желтоқсан, 2019

С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Кітапханатерапия» жобасы басталды

1276 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Облыс  орталығындағы  кітапхана мамандарының айтуынша, өңірдегі кітапханалық қызмет те заман өзгерісіне бейімделуде.

С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Кітапханатерапия» жобасы басталды

Жергілікті тұрғындарға кітапхана қызметі толық қолжетімді, тиімді болу барысында «Библиотерапия» жобасы іске асты.

Бұл жобаның негізгі мақсаты – кітапты әр оқырманға жеткізу.

Қызметтің қолжетімділігі артады, сұраныстарды уақытында және жедел орындау мүмкіндігі туады, ақпараттылығы және мазмұнының тереңдігі артады деген сенім бар. Сонымен бірге  «Отбасы жылуы» және «Ұрпақтар диалогы», «Кітап қорын бірге жасаймыз» жобалары жүзеге асырылуда.

Жобаның мақсаты – кітап қорын оқырманның сұранысына байланысты толықтыру.Жастарға арналған «ZhaStar» жобасы шеңберінде кітапхана барлық топтағы жастарды біріктіріп, олардың әр саладағы, өнердегі, ғылым және бизнестегі жетістіктерін көрсетуде. Кітапханада Web-РАБИС бағдарламасының 5 модулі де, яғни, «Кітап қорын толықтыру», «Каталогизатор», «Іздеу және тапсырыс беру», «Кітап беру» және «Оқырмандарды тіркеу» жүйелері оқырмандарға қызмет көрсетуде.

Мысалы «С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана баспа беттерінде», «Есімдердің шоқжұлдызы», «Өңір ғалымдары» цифрлық энциклопедиясы», «Өңірдің әдеби картасы», «Сұлтанмахмұт Торайғыров» виртуалды кітапханасы», «Павлодар өңірінің қазіргі авторлары» QR-кітапханасы жобалары   жалғасуда.

Өлкетану жайында әдебиеттерді сандық жүйеге келтіріп, сирек және бағалы кітаптардың электрондық коллекциялары  дайындалуда. Интернет жүйесін пайдаланып, бейнеконференциялар, онлайн режимінде вебинарлар өткізу дәстүрге айналып отыр. Республика және елден тыс жерде өтетін шараларға қашықтықтан қатысу оқырмандарымызға керекті ақпараттар алуда. Өйткен, кітапханалар қазіргі түбегейлі өзгерістерге бейімделуде.

Ақпараттық заман-кітапханаға да жаңа міндеттер мен мақсаттар жүктеуде.

-Ал, қазіргі жастар, жасөспірімдер кітап оқудан қалып, заманауи «гаджеттерге» тәуелді болуда.  Біздің мақсат - кітапханада дәстүрлілік пен жаңашылдықты сақтап қалып, барлық жағдайды жасау. Ғаламдық жаңа технологияларды пайдалана отырып, дәстүрлі кітап оқу мәдениетін жоғалтпау. Оқырманымызды көбейту үшін кітапханаға келген пайдаланушыға барлық жағдайды жасалуда, дейді облыстық кітапхана мамандары.          

Ал, кітапханалық саланы модернизациялау және кітапхана маманының санасын өзгерту, кітапханалық кеңістікті жасап, интеллектуалды ортаны қалыптастыру бағытына бет бұру - заман талабы.