Тағайындау • 30 Желтоқсан, 2019

Қарағанды облысының жер қатынастары басқармасының басшысы тағайындалды

516 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысының жер қатынастары басқармасының басшысы болып  Халел Мақсұтов тағайындалды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Қарағанды облысының жер қатынастары басқармасының басшысы тағайындалды

Халел Мұқатайұлы Мақсұтов 1964 жылы Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары: Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Құқықтану» және «Экономика бакалавры» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын Қарқаралы автокөлік кәсіпорнының жүргізушісі болып бастады. 1987 жылдан 1993 жылға дейін комсомол органдарында жұмыс істеген. Одан кейін Қарағанды облыстық әкімшілігінің жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы, облыстық жастар ісі, туризм және спорт басқармасы бастығының орынбасары, Мичурин аудандық әкімшілігі басшысының орынбасары, Абай ауданы әкімінің орынбасары, облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бастығы болып қызмет етті.

1999 жылдан 2009 жылға дейін Атырау облысының әртүрлі мекемелерінде жұмыс істеді. Атырау қаласы әкімінің орынбасары, Жылыой ауданындағы Құлсары қаласының әкімі, кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті директорының орынбасары, жұмылдыру жұмысы, азаматтық қорғаныс, апаттар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының бастығы қызметтерін атқарды.

2009-2011 жылдары Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары болды.2011 жылдың мамырынан 2019 жылдың желтоқсанына дейін Қарқаралы ауданының әкімі болып қызмет етті.