Аймақтар • 30 Желтоқсан, 2019

Маңғыстаулық полицейлер қайырымдылық акциясын ұйымдастырды

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысы Полиция департаменті Жаңа жыл мерекесі қарсаңында кезекті қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Бұл туралы аталмыш департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

Маңғыстаулық полицейлер қайырымдылық акциясын ұйымдастырды

Бұл кезекте тәртіп сақшылары Аяз Ата мен Ақшақармен бірге науқас балалардың үйіне барып, мерекемен құттықтады. Балаларға базарлық ретінде тәттілерден, жемістерден тұратын сыйлықтар табыстады.

-Полицейлер өскелең ұрпаққа әр уақытта қолдау көрсетіп келеді, сондай-ақ, игі шараны үнемі жалғастыра береді. Сонымен қатар, Департаменттің Көші-қон қызметі басқармасы облыстық балалар ауылына барып, сондағы тәрбиеленіп жатқан балаларды Жаңа жылмен құттықтап, сый-сияпат жасады. Әр отбасыда төрден әдемі көз қызығарлық жайнап тұрған шыршаны байқадық. Кішкентай бүлдіршіндердің бақытты жүздерін көруге болады.

Маңғыстау облысы Полиция департаменті барлық балаларды Жаңа 2020 жылмен құттықтайды. Аппақ қардай көңілі пәк балапандарымызға келер жыл тек жақсылықтарын сыйласын, жарқын күлкісінен айырмасын, дендері сау болып, бал дәурен балалықтың бақытына тоймай жүре беруіне тілегін білдіреді, дейді Кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары Көшев Аманбек.