Аймақтар • 30 Желтоқсан, 2019

Маңғыстауда «Құтқарушы-2019» байқауы өтті

252 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жаңа жыл қарсаңында «Оқушы» орталығында кезекті «Құтқарушы -2019» байқауы өткізілді. Іс -шараны Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Зілзалалардың қауіп – қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасы және «Оқушы» орталығы ұйымдастырды және өткізді. Іс-шараға 50 бала қатысты. Оның ішінде 22 бала байқау қатысушылары. Байқау жас құтқарушылармен оқушылар арасында қауіпсіздік негіздер бойынша профилактикалық және насихаттау жұмыстарының қорытындысы шеңберінде өткізілді. Бұл туралы Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

Маңғыстауда «Құтқарушы-2019» байқауы өтті

Алдымен өздерін таныстырған балалардың 17-сі өздерінің құтқарушы немесе өрт сөндіруші болғысы келетінін білдірді. Келесі кезекте балалар «құтқарушы» мамандығын насихаттау бойынша өз қолдарымен жасаған бұйымдарын көрсетті. «Тәттілер» байқауында торт, пешене, тәттілер дайындап, кішкене құтқарушылар қызықты уақыт өткізе алатынын көрсетті.

«Алло, біз өнерлілерді іздейміз» байқауында көбісі «құтқарушы» мамандығын танытатын тақпақ болды. Сонымен қатар би өнерлерін де көрсетті. Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Зілзалалардың қауіп –қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының қызметкерлеріне жеңімпаздарды таңдау өте қиын болды. Себебі, балалардың барлығы мінсіз болды. Іс шара өрт қауіпсіздігі ережесі туралы викторинамен аяқталды.

-Барлығы да жеңіске жетті деуге болады. Барлық бала приз және Жаңа жыл сыйлығын алды, медалдарман және дипломдармен марапатталды.

Жаңа жыл мерекесінде құтқарушылардың уақыты өте аз, соны да елеу керек. Себебі, олар облыста жаңа жыл мерекесінің тыныш өту үшін дайындайды, барлық нысандарды тексереді. Олар осы іс-шараға уақыт тауып, екі жарым сағат бойы іс-шара өтуін қарады. Олар қорытынды жасағанда дұрыс шешім қабылдады деп ойлаймын. Балалар, ата-аналар шын көңілдерімен ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіреді, дейді Ақтау қаласындағы «Оқушы» орталығының мұғалімі Валентина Зайцева.