Ерлер арасындағы бәсекеде қазақстандық спортшылардан ең үздік нәтижеге Денис Волотка қол жеткізді. Ол мәре сызығын 52-ші болып кесті. Наиль Башмаков пен Владислав Ковалев жарысты 56-57-орынмен аяқтады. Ал норвегиялық Йоханнес Клебо бас жүлдені иеленсе, ресейлік спортшылар Сергей Устюгов пен Александр Большунов екінші және үшінші орынды қанағат тұтты.
Қыздар бәсекесінде отандастарымыздан Анна Шевченко мәре сызығын 39-шы болып кессе, Валерия Тюленева 41, Ирина Быкова 45, Ксения Шалыгина 46-орынмен жарысты қорытындылады. Бұл сында да норвегиялық спортшы Астрид Якобсен топ жарды.