Отбасы кикілжіңінен кейін құрылыс жүріп жатқан аумақтағы ғимараттың 16 қабатына шыққан жігіт секіруге әрекет жасаған. Мұны байқаған тұрғындар полицияға хабар берген.
Оқиға орнына жедел жеткен патруль тобы өзін өлімге қимақ болған жанды райынан қайтарып, бөлімшеге баруға көндірген. Суицид қауіпі сейілгенен кейін тәртіп сақшылары 24 жастағы тұрғыннан түсінік алып, отбасы мүшелерімен де әңгімелесу өткізді.