Аймақтар • 08 Қаңтар, 2020

Опырылған плита тастарды кілеммен жасырып қойған

1096 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ескерткіштің тағанындағы қара бояумен жазылған «А» әрпін гүл шоғымен жауып, шараны өткерді.

Опырылған плита тастарды кілеммен жасырып қойған

Желтоқсан көтерілісі құрбандары құрметіне елімізде қаншама кітап жазылып, қаншама ескерткіштер орнатылды. Солардың бірі - Зайсан қаласындағы Х.Мұстафина атындағы мектеп-лицейі мен қалалық аурухананың аралығында орналасқан саябақтағы «Халық Қаһарманы»,

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар,

Еркек тоқты құрбандық,

Атам десең атыңдар, - деп соңына сөз қалдырған қазақтың қайсар ұлы Қайрат Рысқұлбековтың ескерткіші.

қайрат

Өкінішке қарай, ескерткіштің қазіргі жағдайы мәз емес. Тұғыры мүжіліп, төселген плита тастары сынып, шашылып жатыр.

ес

еск

Ескерткіш тұғырының шетіндегі қара бояумен жазылған «А» әрпі де сол қалпы тұр.

ес 1

Бір қызығы, қызығы емес-ау, шыжығы, жақында ел көлемінде аталып өткен Тәуелсіздік мерекесінде Зайсан ауданының әкімдігі, Ішкі саясат бөлімі өздерінше осы олқылықты қалпына келтірмек болды...

ес 2

Опырылған плита тастарды үлкен кілемдерді жайып жасырса, ескерткіштің тағанындағы қара бояумен жазылған «А» әрпін гүл шоғымен жауып, шараны өткерді.

ес 3

 Еркебұлан Зағыпаров,

ҚР Журналистер одағының мүшесі

 

Шығыс Қазақстан облысы,

Зайсан ауданы,

Зайсан қаласы

Ескерту: суреттер Е.Зағыпаров пен Зайсан ауданы әкімдігінің фейсбуктегі парақшасынан алынды.