Облыстық пән олимпиадасына Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалалары, 10 ауданнан және 13 облыстық мамандандырылған білім беру мектебінен келген 26 команданың 720 оқушысы қатысты.
Облыс орталығындағы №8 мектеп-лицейінен 57 оқушы, Павлодар ауданынан 22, Баянауыл ауданынан 17 оқушы келді.
Ағылшын тілі пәнінен 74 оқушы, Қазақстан тарихы және география пәнінен 65 оқушы қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша сапасы жағынан жоғары көрсеткішке ие болған командалар жаратылыстану-математикалық және гуманитарлық бағыт бойынша «Ең үздік олимпиадалық команда - 2020» номинациясы бойынша сертификаттарға ие болды
Сонымен, Жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша І орынды -№8 лицей-мектебі, ІІ орынды - «Жас дарын» мамандандырылған мектебі, ІІІ орынды - ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицейі иеленді.
Ал Гуманитарлық бағыт: І орын - «Жас дарын» мамандандырылған мектебі; ІІ орын – Ы.Алтынсарин атындағы облыстық гимназия-интернаты мен №3 гимназия, ІІІ орын – № 8 лицей-мектебіне берілді.
Келесі -«Ең үздік қалалық команда - 2020» номинациясымен Павлодар қаласының құрама командасы марапатталды.
Оқушылардың жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық олимпиадасында 315 оқушы І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды, оның ішінде І орын - 66, ІІ орын - 91, ІІІ орын – 158.
Ал 16 оқушы 4 жоғары оқу орнының білім грантына ие болды.
Павлодар
Суреттерді түсірген Айқын Олжабай