Аймақтар • 09 Қаңтар, 2020

Павлодарда Абай көшесін көріктендіру жұмыстары басталды

175 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қалалық әкімдікте облыс орталығын көріктендіру жұмыстары туралы мәселелер талқыланды.

Павлодарда Абай көшесін көріктендіру жұмыстары басталды

Жиынға мемлекеттік органдардың басшылары, коммуналдық қызмет саласы, қоғамдық ұйымдардың өкілдері де қатысты.

Қала әкімі Қайрат Нүкеновтің айтуынша, 1,2 млрд теңгеге биыл 36  көшеге асфальт төселмек.

Жарық шамдарын орнатуға бір миллиардтан астам қаржы керек.

Сонымен қатар Амангелді көшесін 1 май көшесінен Назарбаев даңғылына дейін, Димитров көшесін Қамзин көшесінен Павлов көшесі аралығында кеңейтілмек.

Ал Абайдың 175 жылдығына орай облыс орталығында ақынның аты берілген елеусіздеу қалған көше толық абаттандырылып, көріктендірілмек.  

- Бұл жұмыс үшін сіз жеке жауап бересіз, - деді қала әкіміне облыс әкімі Болат Бақауов. – Көшені ғана көріктендіріп қоймай, көше бойында орналасқан жер үйлердің сыртқы келбетіне де мән беру керек. Ол үшін әр үй иесімен жеке сөйлесіп, осы мәселені талқылау қажет. Тұрғындар өз үйлерінің қақпасы, қоршауы, шатырларын жөндеулері қажет. Бір айдың ішінде Абай көшесін көріктендіру жұмыстары бойынша нақты концепция жасалсын.

Бұдан былай Болат Бақауов облыс орталығын көріктендіру жұмыстары туралы жиналыстарды ай сайын өткізіп тұратынын мәлім етті.

– Павлодар – біздің ортақ үйіміз, оны көріктендіру жұмыстарына билік те, қоғам өкілдері де, кәсіпкерлер мен тұрғындар да бірдей атсалысулары қажет.

м

 

ПАВЛОДАР

Суреттерді түсірген Валерий Бугаев