Қазақстан • 11 Қаңтар, 2020

Елбасы Оман Сұлтандығы билеушісінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Оман Сұлтандығының билеушісі Сұлтан Қабус бен Саид Әл Саидтың дүниеден озғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдады, деп хабарлайды Елбасының ресми сайты.

Елбасы Оман Сұлтандығы билеушісінің  қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

«Ол Қазақстан мен Оман арасындағы қарым-қатынастың нығаюына және елдер арасында сенім мен достыққа негізделген ынтымақтастықтың дамуына тікелей септігін тигізді.

Сұлтан Қабус халқын, жерін, елін сүйген адал және парасатты билеуші ретінде есте сақталады деп сенемін.

Осынау азалы сәтте Оман халқының және марқұмның отбасы мен жақындарының ауыр қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын», - делінген жеделхатта.