Әлем • 11 Қаңтар, 2020

Ираннан кінәні толықтай мойындауды талап етеміз - Володимир Зеленський

342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Украина ұшақ апатына байланысты Иран тарапы толық әрі ашық тергеу амалдарын жүргізіп, кінәлілер жауапкершілікке тартылады деп күтіп отыр. Бұл туралы Украина Президенті Володимир Зеленський Facebook-те мәлім етті деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Укринформға сілтеме жасай отырып.

Ираннан кінәні толықтай мойындауды талап етеміз - Володимир Зеленський

«Бүгінгі күннің таңертеңі бізге жайлы болған жоқ, алайда ақиқаттан хабардар болдық. Халықаралық комиссияның жұмысы аяқталғанға дейін, Иран жағы украиналық ұшақ апатына қатысты өзінің кінәсін мойындады. Дегенмен де кінәні толықтай мойындауды талап етеміз. Осы орайда Ираннан толық әрі ашық тергеу амалдарын жүргізуге, кінәлілерді жауапкершілікке тартуға, қаза болғандардың мәйітін қайтаруға, өтемақы төлеуге, дипломатиялық арналар бойынша ресми кешірім сұрауға дайын екендіктерін растайды деп күтеміз», - деп атап өтті Президент.

Сонымен қатар ол алдағы уақытта тергеу шаралары жасанды кідіру мен кедергілерсіз атқарылатынына үміт артты.

«Әділ баға беру үшін біздің 45 маманға барлық мәліметтер қолжетімді болуы тиіс және өзара іс-қимыл шараларымен қамтылуы керек», - деп нақтылады Зеленський.