Олимпиада физика және математика бағытындағы мамандандырылған мектептер арасында бірден үш пән бойынша өткізілді.
Облыстың командасының құрамында №8 мектеп-лицей оқушылары Драганчук Антон, Қоблан Мирас, Уколов Иван, Рахымжанов Дінмұхаммед, Лим Владимир, «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушылары Әубәкір Бекзат, Хасанов Рустем, Абихас Әлихан, көптілді лицей-интернатының оқушысы Серік Құрмашев болды.
Нәтижесінде облыстық команда 1 алтын, 4 күміс және 2 қола медальға ие болды.
Физика пәні бойынша жоғары нәтижелер көрсеткен Драганчук Антон- Алтын медаль, Рахымжанов Дінмұхаммед, Лим Владимир, Қоблан Мирас –Күміс медальді (мұғалімі А. Билида) иеленді.
Ал, математика пәні бойынша №8 лицей-мектебінің Уколов Иван Күміс медальға (мұғалімі Т. Рубцова )«Білім-инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Әубәкір Бекзат-Қола медальға (мұғалімі Е. Шайхығали) ие болды.
Информатика пәні бойынша «Білім-инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы Абихас Әлихан қола медальды (мұғалімі А. Исин ) иеленді.
Олимипада соңында Әубәкір Бекзат, Қоблан Мирас «Қазақстан- Британ техникалық университетінің, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің гранттары берілді.
Жыл сайын өтетін Жәутіков халықаралық Олимпиадасының мақсаты: оқушылар арасында физика-математика ғылымдарын насихаттау, халықаралық ынтымақтастықты дамыту, түрлі елдердің мамандандырылған мектептері арасында достық қарым-қатынасты орнату, олимпиадаларды ұйымдастыру және өткізу тәжірибесімен алмасу, сондай-ақ еліміздің физика, математика бағытындағы білім деңгейін көрсету.