Тағайындау • 21 Қаңтар, 2020

Шымкент қаласының жаңа әкімі тағайындалды

5067 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Шымкент қаласының әкімі болып Әйтенов Мұрат Дүйсенбекұлы тағайындалды.

Шымкент қаласының жаңа әкімі тағайындалды

«Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалсын» делінген Ақорданың баспасөз қызметі жариялаған хабарламада.

Мұрат Әйтенов 1981 жылы туылған. Білімі жоғары, мамандығы бойынша «Ұйымдастыру және ақпаратты қорғау технологиясы» және заңтану. Еңбек жолын Астана қаласында 2004 жылы ҚР Қорғаныс министрлігі жанындағы арнайы байланыс бөлімінің кезекшілік ауысымының аға инженер-бастығы болып бастаған.

2006-2008 ж. – ҚР ПІБ «Астана-Өнім» АҚ шаруашылық ауласының меңгерушісі.

2008-2010 ж. – ҚР ПІБ ведомстволық қарасты ұйымдарды басқару жөніндегі бөлімнің өндірістік қызметті үйлестіру секторының сарапшысы.

2010-2012 ж. – ҚР Президенті Іс Басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2012-2013 ж. – ҚР Президенті Іс Басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі.

2013-2016 ж. - ҚР Президенті Іс Басқармасының аппарат басшысы.

2016-2019 жылдың желтоқсанына дейін - Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының орынбасары қызметін атқарса, 2019 жылдың желтоқсанынан бастап бүгінге дейін Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары болған.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Қуанышұлы Айтаханов Шымкент қаласының әкімі қызметінен босатылды. 

 
ШЫМКЕНТ