Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Конституциялық Кеңестің отырысына қатысты. Онда Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 107-бабының 8) тармақшасын конституциялық емес деп тану туралы мәселе қаралды.
Жиында сөз алған Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев азаматтардың тұрғын үй құқықтарын іске асыру мәселесі мемлекеттің әлеуметтік саясатының басым бағыты екендігіне тоқталды. Сондай-ақ Елбасы мемлекеттік әлеуметтік саясат тұрғысынан заңнамалық базаны жетілдіру ерекше маңызға ие екенін атап көрсетті.
Сонымен қатар тұрғын үй құқығын іске асыру мәселесі халықтың әл-ауқатына тікелей байланысты екендігін айтты.
«Менің тапсырмам бойынша бірнеше мемлекеттік бағдарлама іске асырылды. Бұрын баспана сатып алуға мүмкіндігі болмаған қазақстандықтар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігі қамтамасыз етілді», деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Елбасы Ата Заңды құрметтеу және қатаң сақтау елдің сәтті дамуының кепілі екендігін және Конституцияның 25 жылдық мерейтойы қарсаңында бұл мәселенің өзектілігі артып отырғандығын тілге тиек етті.
Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қайрат Мәми бұл отырыс еліміздің конституциялық дамуы тарихында айтулы оқиға екенін өйткені ол азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз етумен тығыз байланысты екенін жеткізді.
– Қазақстан Республикасы Конституциясы 71-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Конституциялық Кеңестің ғұмыр бойы мүшесі, – деді Қ.Мәми.
Заңның аталған нормасы жетілмегені және азаматтардың конституциялық құқықтарын жүзеге асыруға кедергі келтіруі мүмкін екендігі қозғалды.
Іс-шара барысында Үкімет, Парламент Сенаты және Мәжілісі, Жоғарғы сот, Бас прокуратура өкілдері мен сарапшылардың пікірі тыңдалды.
Өз кезегінде Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов: «Біз Конституциялық Кеңеске өзіміздің қорытындымызды жібердік. Қорытындыда арнайы талдау қамтылған. Онда адам құқығын және бостандығын қорғаудың негізгі қағидаттары, сондай-ақ мемлекеттің конституциялық кепілдігі, соның ішінде азаматтарды тұрғын үймен қамту мәселесі бар», дей келіп, Конституциялық Кеңестен осы мәселе-
ге мұқият қарауды сұрады.
Отырыста Мәжіліс Төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева Елбасы бастамасымен қолға алынған «7-20-25», «Бақытты отбасы», «Тұр-ғынүйқұрылысжинақбанкінің» бағдарламалары, сондай-ақ «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жұмыс істеп жүрген жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету ісі бойынша тиісті шаралар қабылданып жатқанын айта келіп, «Қазақстан өзінің халықаралық міндеттемелерін толық орындап отыр дей аламыз. Азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, жағдай жасау конституциялық норма заң жүзінде іске асырылып келеді. Бұл заңның қабылданғанына 22 жыл болғанын бәріміз білеміз. Алдағы уақытта құқық қолдану тәжірибесінде екіұдай түсінікті болдырмау және қателікке жол бермеу үшін осы нормаға тиісті түзетулер енгізу мүмкін екенін де жоққа шығармаймыз», деді.
Жиынға қатысушылардың пікірлері мен жауаптарынан кейін Конституциялық Кеңес нормативтік қаулы қабылдады. Аталған қаулы басылымдарда жарияланады.
Елордада заңсыз орнатылған ойын терминалдары анықталды
Оқиға • Бүгін, 10:02
Головкин «Канеломен» жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады
Бокс • Бүгін, 09:50
«GPC Investment» компаниясы мемлекет меншігіне өтеді
Қоғам • Бүгін, 09:42
Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің екінші айналымына жолдама алды
Теннис • Бүгін, 09:35
Ашхабадта Каспий маңы мемлекеттері сыртқы істер министрлерінің кеңесі өтті
Қазақстан • Бүгін, 09:23
Еліміздің бірқатар өңірінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 09:06
Рухани мұралар дін өкілдеріне таныстырылды
Руханият • Бүгін, 08:34
Әдебиет • Бүгін, 08:33
Қоғам • Бүгін, 08:31
Қаржыны елге қайтару қалай жүргізіледі?
Қазақстан • Бүгін, 08:30
Білім • Бүгін, 08:28
Аймақтар • Бүгін, 08:27
Қоғам • Бүгін, 08:26
Шариғат талаптарына сәйкес алғашқы биржалық нота
Экономика • Бүгін, 08:25
Экономика • Бүгін, 08:24
Гендерлік бюджет құру – өзекті міндет
Экономика • Бүгін, 08:23
Қоғам • Бүгін, 08:21
Аймақтар • Бүгін, 08:19
Аймақтар • Бүгін, 08:17
Шекара шебіндегі өңірдің халқымен жүздесті
Қоғам • Бүгін, 08:16
Қазақстан • Бүгін, 08:15
Қайрат Сәтжанов: Ел намысын мықтылар ғана қорғайды
Спорт • Бүгін, 08:13
Еркін күрестің ерлері анықталды
Спорт • Бүгін, 08:10
«Алтын Томирис» сыйлығы тапсырылды
Қоғам • Бүгін, 08:07
Ерлан Қошанов: Бизнеске де, Үкіметке де ашық әрі түсінікті салық жүйесі қажет
Үкімет • Бүгін, 08:05
Қаржы пирамидасын жарнамалау қылмыспен тең
Үкімет • Бүгін, 08:03
Ресей техникалық дефолтқа ұшырады
Әлем • Бүгін, 08:00
Жастар экология тақырыбын қаузайды
Экология • Бүгін, 07:52
Семей қаласының гербі бекітілді
Аймақтар • Бүгін, 07:47
«Қайырымдылық» тақырыбындағы марка
Қазақстан • Бүгін, 07:45
Спорт • Бүгін, 07:42
Спорт • Бүгін, 07:40
Үлестік құрылыс проблемалары қалай шешіледі?
Экономика • Бүгін, 00:57
Үкімет • Бүгін, 00:49
БҰҰ-ның Жаһандық шартына қосылды
Экономика • Бүгін, 00:34
Болашағымызға бейқам қарамайық
Қазақстан • Кеше
Әлеуметтік қойылым ЖИТС құрбандарына арналды
Аймақтар • Кеше
Қазақ сыныбы неге қағажу көре береді?
Білім • Кеше
Үш буынды модель: Тергеу сапасы мен жеделдігі артады
Қоғам • Кеше
Әдебиет • Кеше
Ұқсас жаңалықтар