2013 жылғы 27 ақпан Астана, Үкімет Үйі
«Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 545 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
2013 жылғы 27 ақпан Астана, Үкімет Үйі
«Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 545 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 545 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 20, 175-қүжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесінде: 50-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Объектіні пайдалануға беру шығындары болған жағдайда салалық уәкілетті мемлекеттік органның және ведомстволық нормативтерге сәйкес объектіні пайдалануға беру (қосу-қалыпқа келтіру жұмыстары) шығыстары бойынша мемлекеттік ведомстводан тыс құрылыс сараптамасының қорытындысы талап етіледі.»;
53-тармақ мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын: «10) салалық уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін ведомстволық нормативтерге сәйкес объектіні пайдалануға беру шығындарының негізділігі.»; 74-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Жергілікті бюджетте қаражат жеткіліксіз болған жағдайда стратегиялық және (немесе) әлеуметтік маңызы бар, республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен астанада іске асырылатын, жобалау-сметалық құжаттаманы түзетуге немесе оған техникалық-экономикалық негіздемеде немесе үлгілік жобада көзделмеген қосымша компоненттерді енгізуге байланысты жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаның сметалық құнының ұлғаюы бойынша, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 1000000 еселенген мөлшерінен астамын құрайтын шығыстар республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.»;
77 және 78-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«77. Сметалық құнын ұлғайтуды көздейтін республикалық БИЖ-ді және стратегиялық және (немесе) әлеуметтік маңызы бар, республикалық бюджеттің нысаналы даму трансфеттері есебінен астанада іске асырылатын, сметалық құнын ұлғайту жобалау-сметалық құжаттаманы түзетумен немесе оған техникалық-экономикалық негіздемеде немесе үлгі жобада көзделмеген қосымша компоненттерді қосумен байланысты республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 1000000 астам еселенген мөлшерін құрайтын жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларды қарауды бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
78. Стратегиялық және (немесе) әлеуметтік маңызы бар, республикалық бюджеттің нысаналы даму трансфеттері есебінен астанада іске асырылатын, сметалық құнын ұлғайту жобалау-сметалық құжаттаманы түзетуге немесе оған техникалық-экономикалық негіздемеде немесе үлгі жобада көзделмеген қосымша компоненттерді қосуға байланысты республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 1000000 еселенген мөлшерінен астамын құрайтын жергілікті БИЖ-ді қоспағанда, жергілікті БИЖ-ді, сондай-ақ нысаналы даму трансферттері мен жоғары тұрған бюджеттің сметалық құнды ұлғайтуды болжайтын кредиттері есебінен қаржыландыруға жоспарланатын жергілікті БИЖ-ді қарауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
85 және 86-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«85. Екінші кезеңде бюджеттік бағдарлама әкімшісі БИЖ-дің сметалық құнының ұлғаю себептерінің негіздемесімен түзетілген құнға ЖСҚ-ның мемлекеттік ведомстводан тыс құрылыс сараптамасының, ведомстволық нормативке сәйкес объектіні пайдалануға беру бойынша мемлекеттік ведомстводан тыс құрылыс сараптамасы мен салалық сараптамасының қорытындысын бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға енгізеді.
86. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган түзетілген жобалық құжаттамалар бойынша БИЖ құны