2013 жылғы 30 сәуір Астана, Үкімет Үйі
«Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 1294 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 1294 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., №74, 1080-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген «Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік қызмет стандартында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.»;
11-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік қызметті порталда алу үшін тұтынушының:
1) жеке басын куәландыратын құжаты (он алты жасқа толмаған адамдар үшін - туу туралы куәлігі);
2) тіркелген халықтың тіркеліміне сәйкес осы уәкілетті ұйымға тіркеуінің болуы қажет.
Мемлекеттік ақпараттық жүйеде қамтылатын жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтерін, осы уәкілетті ұйымға тіркеуінің болуын уәкілетті ұйым уәкілетті лауазымды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.»;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген «Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік қызметтнің стандартында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.»;
11-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік қызметті порталда алу үшін түтынушының:
1) жеке басын куәландыратын құжаты (он алты жасқа толмаған адамдар үшін - туу туралы куәлігі);
2) тіркелген халықтың тіркеліміне сәйкес осы уәкілетті ұйымға тіркеуінің болуы қажет.
Мемлекеттік ақпараттық жүйеде қамтылатын жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтерін, осы уәкілетті ұйымға тіркеуінің болуын уәкілетті ұйым уәкілетті лауазымды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.»;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.»;
11-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Мемлекеттік қызметті порталда алу үшін тұтынушының:
1) жеке басын куәландыратын құжаты (он алты жасқа толмаған адамдар үшін - туу туралы куәлігі);
2) тұтынушының электрондық цифрлық қолтаңбасының болуы қажет.
Мемлекеттік ақпараттық жүйеде қамтылатын жеке басын куәландыратын
құжаттың мәліметтерін мемлекеттік уәкілетті ұйым уәкілетті лауазымды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
С.Ахметов.