Ертеңгі күні мемлекетіміздің, еліміздің тағдыры мен тізгіні жас ұрпақтың қолында болса, бүгінгі жас ұрпақтың тағдыры қызмет атқарып жүрген мұғалімдердің қолында болғандықтан, олардың атқаратың қызметінің жауапкершілігі орасан зор деп елбасымыз Н Ә Назарбаев орынды атап өтті.
Сапалы білім беруде нәтижеге жету үшін әрбір атқарылар істің жан-жақты, ойластырылған, нақты ланған, жаңа жұмыс жоспары жасалуы керек екенгігі белгілі. Басты мәселелерді айқындау, білім беру ісін жоспарлау,келешекті болжау, жұмысты ғылыми тұрғыда ұйымдастыру қажет. Қазіргі таңда еліміздің келешегін, нағыз ұлтжанды, өз еліні сүйетін, әдет-ғұрпын, салт- санасын қастерлейтін ұрпақты тәрбиелеу- мұғалімнің басты борышы.Еліміздің мәртебесінің биік болуы қоғам мүшелерінің келешек ел қожасы жас ұрпақтың белсенділігі мен іскерлігіне тікелей байланысты болмақ.Шығармашылық ізденіс арқылы мұғалімнің, оқушының танымдық болмысы қалыптасады.
Ұлы ақын М Жұмабаев өзінің еңбегінде: «Фантазиясыз адам өмірі өңсіз, түссіз бір нәрсеге айналмақ. Мынау өмірге үн беретін, сақтау өмірге тіл беретін, жоқты бар қылатын, барды гүлді,көрнекті қылатын, бізді арыға аяқ басқызып,тәңірмен тілдестіретін-сол фантазия» деген болатын. Олай болса,баланың шығармашылық ізденіс арқылы мұғалім өзінің фантазиясын баланың қиял фантазиясымен ұштастыру қажет.
Ұстаздық өмірдегі іс тәжірибемде оқыту барысында алдыма қойған мақсатым- баланы субъект ретінде оқу ісіне қабілетін арттыратын жағдай туғызу, ойлау дағдыларын жетілдіру мақсатында оқушының шығармашылық дарынан қалыптастыру. Бүгінгі таңда қазақ халқының ұлттық мәдени қайта өркендеуі жағдайында жеткіншек ұрпақты халық дәстүрлері арқылы тәрбиелеудің маңызы зор. Ұстаз өзінің сабағында оқушыларды қызықтыра білу керек. Қазақстанның дамуына үлес қосатын, әлемдік өркениетке көтерілетін білімді де мәдениетті, парасатты, деңсаулығы мықты азамат тәрбиелеп шығу – ұстаздың ең үлкен міндеті.
Назыкеш Нұрмұханбет,
Қостанай гуманитарлық колледжінің оқытушысы