Аймақтар • 24 Қаңтар, 2020

Шымкенттегі жоғары оқу орнында «Ашық есік» күні өтті

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті филология факультетінде Шымкент қаласының мектептерімен, колледждері бітірушілеріне арналған «Ашық есік» күні өтті.

Шымкенттегі жоғары оқу орнында «Ашық есік» күні өтті

Іс - шараға шаһардағы  № 6, 8, 32, 37, 47, 50, 61, 70, 78, 79, 86 мектептерінен және бірнеше колледж бітірушілері қатысып, шетелдік мамандардың дәрісін тыңдады. 

«Ашық есік» күніне № 6, 8, 32, 37, 47, 50, 61, 70, 78, 79, 86 мектептерінен және бірнеше колледж бітірушілері сынып, топ жетекшілерімен келді.

Бұл шараға Калифорния университетінің оқытушысы (АҚШ) Ави Тэффер, Урумчи экономикалық университетінің оқытушысы, магистр (Қытай) Луань Син Жунь, Н.Назарбаев интеллектуалды мектебінің оқытушысы, ОҚМУ-нің докторанты Махмудов Гаухарбек Равшанбекович бітірушілерге қызықты сұхбат берді. Тағылымды шараны филология факультеті деканы филология ғылымдарының докторы, профессор Болатбек Тілеубердиев жүргізіп отырды.

Сондай-ақ университеттің бас ғимараттың «Сәулет, құрылыс және көлік» факультетінің ұйымдастыруымен талапкерлерге арналған «Ашық есік күні» шарасы да қатар өтті. Мектеп және колледж бітірушілеріне университет туралы толық мәлімет берілді. Оқу зертханалары көрсетілді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына қанағаттанарлық жауап алды. Кеш барысында университетіміздің тарихы, мамандықтары туралы видеороликтер көрсетілді. Мамандықтар туралы кітапшалар, үлестірмелі парақшалар тарқатылды. Іс-шара соңында мектеп бітірушілерге экскурсия ұйымдастырылды.