Қазақстан • 24 Қаңтар, 2020

2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласының ЖӨӨ көлемі 7,2%-ға өсті — А. Көлгінов

181 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Көлгінов Президент Қ. Тоқаевтың тапсырмаларын орындау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласының ЖӨӨ көлемі 7,2%-ға өсті — А. Көлгінов

А. Көлгінов атап өткендей, елорданың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінде оң нәтижелер байқалады. Өңірлік ішкі жалпы өнім 7,2%-ға артты. Өнеркәсіп өнімін өндіру 12%-ға ұлғайды. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 8%-ға көбейді. Сауда саласындағы өсім қарқыны 5%-дан асты. 2019 жылдың 9 айындағы халықтың нақты табысы 9,3%-ға артып отыр.

Даму қарқыны баяулап қалған екі көрсеткіш бойынша жыл соңында алғашқы жартыжылдықпен салыстырғанда алға жылжу бар: 

Тұрғын үй салу бойынша физикалық көлем индексі 8,2%-ға артты.

Тартылған инвестиция көлемі 4%-ға артып, 914 млрд теңгені құрады.

Құрылыс жұмыстарындағы индекс 102,8% құрап, 22,1%-ға артты. 

Әкімнің мәліметтері бойынша, 2020 жылы 27 мың адам жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде 23 мыңы тұрақты жұмыс орындарына орналасты. 

2019 жылы 10 проблемалық тұрғын үй құрылысы аяқталды 

2019 жылдың басында проблемалық нысандар саны 76 үйді (14 509 үлескер) құрады.

«Үлескерлік құрылыс саласындағы негізгі проблемалар — ТҚК мүшелерінің арасындағы ұзаққа созылатын сот рәсімдері, ЖСҚ болмауы, қаржылық моделі мен инвесторлардың болмауы. Сіздің тапсырмаңыз бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасына енгізілген өзгерістер мемлекет қаражатын пайдалану мүмкіндігін арттырды» деді А. Көлгінов.

2019 жылдың қорытындысы бойынша 10 үйдің құрылысы аяқталды, үлескерлер саны 2,5 мың адамға азайды. Биыл 20-дан аса үйдің құрылысын аяқтау жоспарланған (7 581 үлескер).

Қалған тұрғын үйлер 3 жыл ішінде пайдалануға беріледі.

Нұр-Сұлтанда 1050 жас баспаналы болды

2019 жылы 1,8 млн шаршы метр тұрғын үй салынды. Бүгінде баспана кезегінде 48 мың адам тұр. 2019 жылы коммуналдық тұрғын үй қорынан 2 900-ге жуық пәтер табысталды. Оның 784-і – әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарға, 1050-і – жұмыс істейтін жастарға берілді. 

Тұрғын үй көлемі 2018 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда екі еседен асты.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен жұмыс жалғасуда. Қалада банктің 214 мыңнан аса салымшысы бар. 2019 жылдың соңында 10 500 елорда тұрғыны пәтерге ие болды. 

Елорданың 64 мектебінде инклюзивті білім беру сыныбы ашылды

Елорда мектептерінде қазір 185 мың бала оқиды. Көктемде 9 мың бала мектепті аяқтаса, қыркүйек айында 22 мың бала бірінші сыныпқа келді.

«Қаладағы 115 мектептің 8-і үш ауысыммен жұмыс істейді. Ал 14 мектептегі оқушылар саны стандарттан асып кеткен. Бұл мәселелерді шешу мақсатында 2019 жылы 5 мың орынға 6 мектеп салынды. Үш ауысымды 3 мектептің мәселесі шешілді» деді елорда әкімі. 

2020 жылы 10 мың орынға арналған 12 мектептің құрылысын аяқтау және 12 мың орындық 8 нысанның құрылысын бастау жоспарланған. Сонда үш ауысымды мектептер мәселесі толық шешіледі. Сонымен қатар жеке инвесторлар есебінен мектептер салу жағы қарастырылды. 24 мектептің құрылысы жөніндегі инвестициялық жоба қабылданды. 

Қаланың шеткі аумағында орналасқан №23 мектепке барған кезде Мемлекет басшысы жаңа мектеп салуды тапсырды. Мектептің құрылысқа дайындық жұмыстар басталды. Бір жылдың ішінде аяқтау көзделуде.

Қалада инклюзивті білім беру сыныптары ашылған мектептердің саны 64-ке жетті. Биыл қалған барлық мектепті қамту жоспарда бар. 

Денсаулық сақтау: «қадамдық қолжетімділікті» қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде

А. Көлгінов атап өткендей, 12 «Үйдегі дәрігер» нысаны ашылды, биыл тағы 10 нысанды ашу жоспарлануда. МӘМС енгізу басталды.

Мемлекет басшысының темір жол ауруханасының апаттық ғимараты бойынша берген тапсырмасына қатысты А. Көлгінов емхана ауыстырылған көрші ғимарат жөнделгенін атап өтті. Стационардың клиникалық бөлімшелері басқа екі корпусқа ауыстырылды, онда да күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді (225 төсек орны – тәулік бойына және 50 төсек орны – күндізгі келуге).

Мәселені тұжырымдамалық шешу үшін түрік инвесторымен бірлесіп, МЖӘ аясында 800 төсек орнына арналған көп бейінді аурухана құрылысы басталды. Жалпы ауданы 20 га жер телімі анықталды.

Инвестиция тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде

Инвесторлар мәселелері жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінде 255 млрд теңгеге 42 жоба қолдау тапты. АЭА аумағы 8 мың гектарға кеңейтілді.

Жосықсыз инвесторлардан 60 га-дан астам игерілмеген учаскелер алынды, онда 12 жаңа өндіріс орналастырылған.

Екінші индустриялық паркті жобалау жұмыстары басталды.

Газдандыру: барлық процедуралық мәселелер шешілді

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі атап өткендей, барлық процедуралық мәселелер шешілді, бірінші кезеңнің барлық іске қосу кешендері бойынша жұмыс белсенді түрде жүргізілуде.

2021 жылдың соңына дейін Көктал-1, Көктал-2, Оңтүстік – Шығыс және Темір жол т/а жұмысты аяқтау жоспарлануда. ЖЭО-1 және ЖЭО-2 газға ауыстыру бойынша байқау жарияланды.

Биыл ЖЭО-2-де энергия жабдығын реконструкциялау аяқталады, бұл жылу бойынша 180 Гкал/сағатқа және электр қуаты бойынша 120 МВт өсімге қол жеткізеді.

ЖЭО-3 бойынша Энергетика министрлігімен бірлесіп жобаға түзету жүргізілуде.

Ағын сулар кәрізінің құрылысы жалғасуда 

Сонымен қатар А. Көлгінов ағын сулар кәрізінің құрылысы жалғасып жатқанын айтты. 

50-ден аса су басу қаупі бар жерлер анықталды, оның ішінде 3-уі үш қауіпті аудан қиылысында: 

1) Уәлиханов және Бараев көшелерінің бойы ( Жастар ықшамауданы).

2) Оқушылар сарайы маңындағы Б. Момышұлы даңғылы бойында құрылыс жұмыстары басталды.

3) Тұран және Ұлы Дала даңғылдары бойында коллекторлар қайта орнатылып, тазарту құрылғылары жаңғыртылады (1,5 млрд теңге).

Барлық 3 учаске бойынша жобаларды 2021 жылы аяқтау көзделген. 

Өткен жылы Логистика орталығы маңындағы тазарту желілерінің құрылысы аяқталды (2,3 млрд теңге). Биыл Тельман тұрғын үй алабы, Үшқоңыр көшесі және Құдайбердіұлы көшесі бойынша 3 нысанды аяқтау жоспарланған. 

 

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше