03 Тамыз, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №772

331 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2013 жылғы 2 тамыз Астана, Үкімет үйі

«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінін 2011 жылғы 31 қаңтардағы №56 каулысына толықтыру енгізу туралы

 

2013 жылғы 2 тамыз Астана, Үкімет үйі

«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінін 2011 жылғы 31 қаңтардағы №56 каулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы №56 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

«5. Қызметінің мәні топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізу больш табылатын Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Қазгеодезия» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 2001 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы мен Түркіменстан арасындағы Қазақстан-Түркіменстан мемлекеттік шекара­сын делимитациялау және оны демаркациялау процесі туралы шартты, 2001 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қазақстан-өзбек мемлекеттік шекарасы туралы шартты, 2002 жылғы 9 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қазақстан-өзбек мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелері туралы шартты, 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Қазақстан-қырғыз мемлекеттік шекарасы туралы шартты, 2002 жылғы 10 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-қытай мемлекеттік шекара сызығын демаркациялау туралы хаттаманы және 2005 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан-ресей мемлекет­тік шекарасы туралы шартты іске асыру мақсатында сатып алатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер:

Қазақстан Республикасының шектес мемлекеттермен мемлекеттік шекара сызығын делимита­циялау және демаркациялау (редемаркациялау) жүргізу үшін қажетті жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

С.АХМЕТОВ.