Аймақтар • 25 Қаңтар, 2020

Мүмкіндігі шектеулі қыз-келіншектерге өз кәсібін ашу үшін арнайы курстар басталды

353 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл туралы бүгін қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте айтылды.

Мүмкіндігі шектеулі қыз-келіншектерге өз кәсібін ашу үшін арнайы курстар басталды

«Теңізшевройл» ШЖС-нің әлеуметтік инвестициялар бағдарламасының аясында мүмкіндігі шектеулі қыз келіншектерді оқыту және оларды жұмыспен қамту бағытындағы «Ұрпақ Next» қоғамдық қорынының жаңа әлеуметтік жобасы басталды.

Шараға Маңғыстау облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, «Атамекен» ҰКП, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының, «Training Academy» оқу орталығының, ҮЕҰмен «Тенгизшевройл» компаниясының өкілдері қатысты.

Маңғыстау облысы бойынша 7 481 мүмкіндігі шектеулі жандар өмір сүреді, оның 56% жұмысқа жарамдылар қатарынан.

Жобаның мақсаты - мүмкіндігі шектеулі әйелдерді оқыта отырып, жұмыспен қамту немесе кәсіпкерлікпен айналысуға ықпалдасу. Жобаға 18 – 45 жас аралығындағы Актау қаласының, Кұрык, Баутино және Боранкұл ауылдарының мүмкіндігішектеулі қыз-келіншектері қатыса алады.

2017 жылы БҰҰ-ның даму бағдарламасы аясында ашылған «Ұрпақ Next» қоғамдық қорының әлеуметтік шеберханасында, әйелдерге арналған тігу, пішу, қолөнер курстары ұйымдастырылады. Ұзақтығы екі айға жоспарланған курс аясындажаңа технологияларды қолдана отырып, әр түрлі үйжайға керекті төсек, құрақ көрпе тігу, киімді тігу, дизайнерлеу бойынша білікті мамандарменсабақтар ұйымдастырлады. Одан кейін, қыз-келіншектер, өзкәсібін ашу, басқару, маркетинг, сату, жеке брендті қалыптастыру, әлеуметтікжелілерді тиімді пайдалану, мемлекеттікбағдарламалар, қаржыландыру, субсидия алусияқты тақырыптарды қамтыған бизнес акселлерациясынан өтеді.

Сонымен қатар жоба аясында әйелдердің дайындаған қолөнерін көрсететін жәрмеңке өткізу жоспарлануда. Жобаның басты мақсатынәтижеліжұмыспен қамту болғандықтан, олардытұрғылықты жерлерінде жұмысқа орналасуғанемесе өз кәсібін ашуға аталған қоғамдық қорбарынша ықпалдасады.

-«ТШО» компаниясының әлеуметтікинвестициялар бағдарламасы аясында 2018 жылданбері Маңғыстау облысында бірнеше әлеуметтікжобалар іске асырылды. Мүмкіндігі шектеуліәйелдерге арналған жоба аясында әр қатысушыөзіне қажетті білім мен дағдыларды үйреніп, жұмысқа орналасып, жақсы нәтиже көрсететінінесенім білдіреміз, деді «ТШО» қоғаммен байланысменеджері Рызабек Артығалиев.