Ақтау қаласындағы «Ақ-желкен» балалар бақшасынан басталған шарада Азаматтық қорғау бөлімінің әскери қызметкерлері, Зілзалалар қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының қызметкерлері және Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері балалардың спорттық жарысын ұйымдастырып-өткізді, қорытындысы бойынша жарысқа қатысқан балаларға дипломдар және ойыншықтар берілді.
Бастаманы Ақтау қаласынан кейін Мұнайлы ауданы, ары қарай облыстың басқа аудандары жалғастырды.
Айта кету керек, мұндай іс-шаралар облыста жыл сайын өткізіледі, сондай-ақ балалардың өрт сөндіруші және құтқарушылар туралы ықыластары ерекше.
Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері халық арасында, соның ішінде балалар арасында өрт сөндіруші және құтқарушы мамандығын танымал етуді басты назарда ұстап, бұл бағытта қарқынды жұмыстар атқаруда.