03 Тамыз, 2013

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы №223

773 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2013 жылғы 19 маусым Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 112 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

2013 жылғы 19 маусым Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 112 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 112 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4625 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2007 жылы 11 шілдеде № 104 (1133 болып жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:

5-тармақ алып тасталынсын;

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықта:

4-тармақтың бесінші бөлімі келесі редакцияда баяндалсын:

«Жергілікті мәртебесі бар қоғамдық және діни бірлестіктерді, қорларды және заңды тұлғалардың қауымдастықтарын мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, тарату, қоғамдық және діни бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу, қайта тіркеу, есептік тіркеуден шығару тиісті облыста және Астана және Алматы қалаларында облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының Әділет департаменттері жүзеге асырады.».

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасы Б.Ш. Әбішевке жүктелсін.

1. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Министр Б.ИМАШЕВ.

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 28 маусымда Нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №8531 болып енгізілді.